Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық қорға ауыз аша бермейік

c 11:00, 30/04/2020 c 487

0:00 / 0:00

Ұлттық қордың активтері үш жылда бітеді. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың болжамы осындай. Оның айтуынша, үкімет ұлттық қордың ақшасын ірі компанияларға оңды-солды шашып жатыр.  Ал депутат Азат Перуашев  министрлер кабинеті дағдарыс барысында шағын және орта бизнеске емес, монополистерге көмектесіп жатыр деген ойын алға тартады. Депутаттар бұл наразы пікірлерін Үкіметке жолдаған сауалдарында жария етті.

Судың да сұрауы бар дегендей, ұлттық қор түбі жоқ құдық емес. Мұнай бағасы құлдырап, доллар шарықтап ел экономикасы дағдарысқа тап болып жатыр. Дағдарыста шығу үшін жылдап болашақтың қамы үшін жинаған ұлттық қордан ақша тартуға тура келіп отыр. Ал депутаттар болса, Ұлттық қордың қаржысын сақтаған жөн дейді. Аманжан Жамаловтың айтуынша, қордың ақшасы алдағы үш жылда бітеді. Ол үшін бюджеттің шығындарын қысқарту қажет дейді ол. Алдын-ала есептеулер бойынша ұлттық қордан  15 млрд доллар тарту көзделуде.

Аманжан Жамалов – ҚР парламент мәжілісінің  депутаты; «Әлеуметтік шығындардың көлемі бар-жоғы 55 пайызды құрайды.Қалғаны мемлекеттік аппараттың шығыны және тағы басқа әлеуметтік емес шығындар.Экономиканың құлдырауы барысында Үкімет  дағдарысқа қарсы шараны жүргізуде  бизнесті жеңілдетілген негізде қаржыландыруды әдетке айналдырып алды»

Ал бүгінгі дағдарыстың көпке созылатын түрі бар. Сондықтан, ұлттық қорға ауыз аша бермей, бюджеттік қаржыландырудың орнына банктік несиелеуді күшейту керек деген ұсынысын алға тартты депутат.

Аманжан Жамалов – ҚР парламент мәжілісінің  депутаты; «Өткен жылда 5 жұлдызды қонақүйлер, мейрамханалар, автоорталықтар,медиицналық орталықтар, атвобус парктері тіпті таксопарктер осылай қаржыландырылды. Қазір дағдарысқа қарсы шарада осы компаниялар тағы да қол жайып отыр.Бұл қоғамда жағымсыз ой тудырып отыр.Бұл дағдарыс көпке созылады.Ал экономкиға ақша құя беру мүмкін болмайды. Сондықтан, жедел түрде бюджеттен  қаржыландырудың орнына, банктік несиелеуді арттыру керек. Ал банктік несие қолжетімді, бюджеттен субсидия тартпай жүргізілуі тиіс.Банктің несиесінң проблемасы шарықтап тұрған базалық үстемақыда болып тұр».

Депутат Азат Перуашев  жүйе құраушы кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тізімінде шағын және орта бизнестің жоқтығы алаңдатады дейді. Бұған дейін хабарланғандай мемлекет  жұмыссыздықты болдыртпау және жалақыны қысқартпау үшін жүйе құраушы кәсіпорындарды іріктеуді қолға алғанды.Бүгінгі күні осындай 361 кәсіпорынның тізімі құырлған. Бірақ, бұл мәселе қоғамда теріс әсер тудырып отыр. Бұл Президенттің Ұлттық экономика министрлігіне берген тапсырмасы болатын. Алайда, министрлік бұл тізімге шағын және орта бизнесті емес, алпауыт монополистерді енгізген дейді Перуашев.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Неге реестрге ауыл шарушалығы саласынан бірде-бір кәсіпорын ілікпеген.Азық-түлік өндіретін, киім-кешек,балаларға арналған, медициналық, гигиеналық тауар өндіретін  кәсіпорындар да жоқ. Біз сөзбен айтқанда ең қажетті деген тауарлар түрі тізімге ілікпеген.Реестрдің жобасы құзырлы министрліктің  экономикалық жағдайды толық түсінбей отырғанын білдіреді.Бұл монополистердің тізімі деп түсінеміз.»

Қос депутаттың да көтерген мәселесі бір жерге тоғысып отыр. Бизнеске ұзақ мерзімді арзан ақша керек. Ал Ұлттық банк болса дағдарыс кезінде несиелік ұстамақыны көтеріп отыр. Депутаттардың айтуынша, ел бизнесін несиелендіруде банктер мемлекеттік субсидияға қарамай, төменгі пайыздық үстемақымен несие беруі керек. Сондықтан, отандық банктерге кезең-кезеңмен базалық мөлшерлесін  төмендеткен жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.