Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық қор азайып жатыр

c 11:38, 30/10/2020 c 481

0:00 / 0:00

Экономикалық дағдарыс, пандемия табыс көзін азайтып, шығынға батырып жатыр. Ел қазынасына түсетін түсім көзі де айтарлықтай кеміді. Ал шығыс көзі артып отыр. Әлеуметтік төлемдер, бизнесті қолдау, жол салу, су тарту сияқты күн тәртібіндегі жобалар шығынды талап етеді. Ал коронавируспен күреске де миллиардтар жұмсалып жатыр. Үкімет бұған қаражатты Ұлттық қордан тартуда. Сенаторлар болса, болашақтың ырзығы-Ұлттық қорда ақша азайып жатыр деп алаңдайды. Сенаттың жалпы отырысынан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Биыл Ұлттық қорды құру туралы жарлыққа қол қойылғанына 20 жыл толып отыр. Қордағы қаражат болашақтың үлесі деген ниетпен құрылған болатын. Осы жылдарда жиған-тергенімізді экономикалық дағдарыстан шығу үшін қолдануға тура келіп отыр. 2007 жылғы дағдарыста да осы ұлттық қор құтқарған болатын. 2000-2014 жылдары Ұлттық қор резерві 77,2 млрд долларды құраған. Алайда бұдан кейінгі жылдары қор қаржысы үмітті ақтай алмады. Ұлттық қор қаражаты 90 млрд доллар болуы тиіс еді. Бірақ бүгінде қор қоржыны 58 млрд долларды құрап отыр.Кейбір мәлімет көздеріне сүйенсек, Ұлттық қордың валюталық активтері 2020 жылы 1,5 пайызға төмендеген. Қордан қаржы сору мұнымен тоқтамайды. Пандемия барысында да осы қор ақшасына үміттіміз.  Ұлттық банк 2021-23 жылдарға жоспарланған республикалық бюджет жобасы Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемін арттыруды көздейтінін мәлімдеп отыр. Бұған шығын көлемінің көбеюі себеп. Еліміздегі қаржы тапшылығы алдағы жылы – 3,4, 2022 жылы – 2,5, 2023 жылы 2,1 пайызды құрауы мүмкін. Сондықтан қордан үш жылға 7,3 трлн теңге алынбақ.  Яғни  үш жылдан кейін қорда жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына тең қаражат  қалады. Бұл болашақтың еншісіне қол салу емес пе? Сенаторлар ұлттық қор азайып жатыр деп алаңдайды.

Сергей Ершов –ҚР парламент сенатының депутаты «Үкімет кепілдендіріліген трансферттерді бекітуді ұсынып отыр. Ұлттық қордан 4,7 трлн теңге алынбақ.Алдында бұл 2,7 трлн болатын. Алайда кепілдендірілген трансферт көлемі 201-2021 жылдарға жылына 2,7трлн теңге делінгенді. Бұл болашақтың несібесі емес пе. Осылайша Ұлттық қордағы ақшаны  алдағы 5-7 жылда жеп қоймаймыз ба? »

Сенаттың жалпы отырысына келген үкімет мүшелері мен ұлттық банк өкілдері бүгініг жағдайда осындай қадамға баруға мәжбүрміз, қор қаржысын сақтап қаламыз деп сендіруге тырысты.

Ерұлан Жамаубаев – ҚР қаржы министрі «Ұлттық қордың қаржатын жинақтау саясаты сақталады. Кепілдендірілген трансферттер жылдан-жылға төмендейді. Егер 2021 жылы  қордан 2,7 трлн теңге алсақ, 2023 жылы 2,2 трлн теңге  тартамыз».

Ақылжан Баймағамбетов – ҚР ұлттық банк төрағасының орынбасары «Ұлттық қордан қаражат тартуды шектеуге келсек. Бүгінгі жағдайда бұл мүмкін емес. Экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін жасалған қадам. Шығыстарды тұрақтандыру керек».

Әу баста  Ұлттық қор болашақ ұрпақтың несібесі үшін құрылған еді. Еліміздің жер қойнауындағы байлықта болашақтың да  үлесі бар. Алайда тосыннан келген әрбір қаржы тапшылығына тойтарыс беру үшін қорға қол жайып отырамыз. Мұнай шикізатына тәуелді ел экономикасы өндірісті, бизнесті дамытпай өз бетінше аяқтан тұра алмас. Ал сенаттың бүгінгі жалпы отырысында алдағы екі жылдағы бюджет жоба қаралды. Бюджетте коронавируспен күреске 238,7 млрд теңге сомасында қосымша шығыс көзі көзделіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.