Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық банк 2018 жылдың екі айын қорытындылады

c 18:05, 28/02/2018 c 519

2018 жыл басталғалы бері еліміздің түрлі банктері 17 млрд теңгеге несие рәсімдеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға көп көрінеді. Бүгінгі таңда несие берешектерінің жалпы сомасы 221 млрд теңгені құраған.Биылғы жылдың көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсіп отыр. Бұл туралы, өңіріміздің Ұлттық банк филиалының мамандары баспасөз мәслихаты барысында хабарлады. Сонымен қатар, сала мамандары биылғы жылдың бесінші наурызына дейін барлық айырбастау пункттері өзгертілген талаптарды орындауы тиіс дейді. Яғни, заңнамаға сәйкес наурыз айынынан бастап Астана мен Алматы қалаларында жұмыс жасайтын айырбастау пункттерінің айналымында 30 млн теңге болуы шарт. Ал, облыс орталықтарында қызмет жасайтын қаржы орталықтарының қорында 20 млн теңгедей қаражат болуы тиіс. Қазіргі таңда шаһар аумағында шетелдік валютаны айырбастаумен айналысатын 68 арнайы орын бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.