Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕН ҚАШАҒАНДЫ СОТҚА БЕРЕДІ

c 21:47, 11/04/2023 c 146

0:00 / 0:00

Үкімет Қазақстанның Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының операторларын сотқа береді. Бұл жайында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет дәлізінде тілшілерге берген сұқбатында айтты. Министрдің айтуынша, үкімет бұл компаниялардан 16,5 миллиард доллар өндіріп алмақшы.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Қазақстандағы екі кен орнын игеріп жатқан компаниялар арбитраж сотында ел үкіметінен талап-арыз алғанын хабарлағанды. Компанияларға санкцияланбаған шығындармен байланысты айып тағылған. Бұл Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарына қатысты мәселе. Арыз Қашаған үшін 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі және Қарашығанақ үшін 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Аталған компаниялар екі жобада да тендерлік рәсімдерді бұзған, сондай-ақ Қашағандағы мердігерлердің жұмысын толық көлемде орындамаған. Қазақстан Үкіметі өндіруші жобалар бойынша серіктестер келесі көлемдегі шығындарды (кірістен) шегермеуі тиіс екенін мәлімдеген. Қашаған мұнай-газ кен орны бойынша $13 млрд, Қарашығанақ мұнай және газы бойынша $3,5 млрд. Егер сотта үкімет жеңіске жетсе, мемлекет өнімді бөлу туралы келісімнің талаптары бойынша кен орындарынан түсетін кірістердің көбірек бөлігін ала алады.

"PSA компаниясы Үкіметтің уәкілетті органы ретінде Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық төрелікке арыз түсірді. Маған бұған қатысты пікір айтуға болмайды. Жалғыз айта алатыным, бұл талап-арыздар халық мүддесі үшін беріліп отыр. Талаптың сомасы 3,5 және 13 миллиард доллар көлемінде"
Осылайша ел үкіметі аталған компаниялардан 16,5 миллиард долларды өндіріп алмақшы. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі мұнайдан көбірек кіріс алуды ғана емес, ел экономикасы үшін мұнай кәсіпорындары қолданатын тендерлік жүйелерді өзгертуді көздеп отыр. Соның ішінде жергілікті компаниялардың кірістерін арттыру мақсаты тұр. Ал бұған дейін еліміздің Экология министрлігі, Қашаған кен орнын басқаратын «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясынан экологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл ретінде 5,1 миллиард доллар айыппұл талап етіп отығаны туралы ақпарат тарағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.