Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТға дайынсың ба, жас түлек?

c 15:32, 14/06/2018 c 736

Облыс мектептерінен биыл 5нан астам оқушы түлеп ұшып, соның 4 мыңға жуығы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. 3 күн бойы өтетін тестте түлектер 11 жылғы білімдерін сынға салады. Биылғы жылы облыс бойынша 288 «Алтын белгі» иегері бар. ҰБТ-ны ұйымдастыруға барлығы 7 млн 580 мың теңге қаражат бөлінген.
Биылғы жылы ҰБТ өткізу форматы өзгермегенімен, оқушыларды біраз жаңашылдықтар күтіп тұр. Мәселен, ҰБТ мен КТ-ға себепті жағдайлармен қатыса алмаған жағдайда келесі ауысыммен тапсыру мүмкіндігі беріледі, ерекше оқытуда қажеттілігі бар балалар жеке көмекші және ымдау тілі маманымен қамтамасыз етілмек, және бірыңғай колл орталық та іске қосылмақ. Бұған қоса, мектепте оқыту тілінее қарамастан, оқушы қалауына сай тілде тестілеуді тапсыру мүмкіндігі болады. Десе де облысымызда тестті ағылшын тілінде тапсыруға ешкім ниет білдірмепті.
Арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында бастауыш сынып оқушыларының сөмкелерінің тым ауыр екендігі де айтылды. Бұл әсіресе ата-аналар қауымын алаңдатады. Оларды «Ауыр сөмке арқалай-арқалай әлі буыны қатпаған балалар болашақта ауруға ұшырайды-ау» деген ой мазалайды.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұлттық біліктілікті арттыру тестінен өткен педагог мамандардың жалақысы артады. Олардың еңбекақысын төлеуге республикалық бюджеттен 2 млрдтан астам қаржы бөлінбек.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.