Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ қорытындылары шықты

c 16:58, 26/06/2018 c 1057

0:00 / 0:00

БҚО-да 253 түлек Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден шекті балл жинай алмай қалған. Ал ең жоғарғы көрсеткішті облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық мектеп-лицей интернатының түлегі Нарқыз Базарғалиева көрсетіп отыр. Талапты түлек 140 балдың 138ін жинаған. Нарқыз Базарғалиева - өңірден ҰБТ тапсырған 3 мыңнан астам түлектің арасынан оқ бойы оза шауып, ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті. 138 балл жинаған түлек математика-физика бағытын 9 сыныптан бастап таңдаған. Сынамаға дайындықты да ҰБТға 1 жыл қалғанда емес, 9 сыныптан бастау керектігін айтады. Нарқыздың сыныптастарының барлығы да жоғары көрсеткіш көрсетіпті, сынып бойынша орта балл 131ді құрап отыр.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл 5мыңнан астам оқушы мектеп бірісе, олардың 3750і ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Ал тестілеуден олардың 3652сі өтті. Орта балл - 81,8 балл. Айта кетелік, Қазақстандық мектеп бітірушілерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге екі рет мүмкіндік беріледі. Екеуінде де қажетті балл жинай алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.