Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОҚАЕВ САЙЛАУДАН СОҢ ЖАҢА БАСТАМАЛАРЫН ҰСЫНБАҚ

c 19:02, 13/03/2023 c 85

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді. Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды деп хабарлайды Ақорда. Тоқаев қоғамдық тұрақтылықты сақтау, діни наным-сенім, сөз бостандығы мәселелеріне тоқталып, сайлаудан соң жаңа бастамаларды ұсынатынын айтты.

Ақордаға ат басын тіреген әкімдер мен министрлерге президент бірнеше міндетті жүктеді. Тоқаев қоғамдық тұрақтылықты сақтау, діни наным-сенім, сөз бостандығы мәселелеріне тоқталды. Геосаяси ахуал ушыққан кезде мемлекеттің және азаматтардың жауапкершілік жүгі артады. Аңдамай айтылған бір ауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге зардабын тигізуі мүмкін. Әрине, мемлекет сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің қалауынша қарекет жасауына мүмкіндік бар. Бірақ бұл бассыздыққа жол беру деген сөз емес. Әрбір азамат елдің тыныштығын және оның аумақтық тұтастығын сақтауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Бұл қағида – барлығына ортақ», – деді Президент. Жиында діни наным-сенім мәселесі де сөз болды.

Ал ата-бабасына ескерткіш орнатқыштардың жолын кесу керек.

Сондай-ақ, елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланатынын айтты. 19 наурызда өтетін сайлаудан соң, қазақ басшысы жаңа бастамаларын ұсынбақ. Ол жайында Тоқаев қысқа қайырды.

Мемлекет басшысы алдына келіп отырған әкімдер мен министрлерге халыққа жақынырақ болуға кеңес берді. Азаматтармен өзара байланысты күшейтіп, кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.