Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУҒА РЕСЕЙ КОМПАНИЯСЫ КЕЛЕДІ МЕ?

c 15:16, 08/09/2023 c 44

0:00 / 0:00

«Арселлор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтадағы соңғы апаттан соң, Лакшми Митталмен келісім шартты бұзып, шетелдік компанияның жұмысын тоқтату мәселесі сөз болды. Тіпті үкімет қазір Митталмен келіссөз жүргізіп жатқаны мәлім. Бұдан соң, әлеуметтік желіде «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясы келуі мүмкін деген ақпарат шықты. Алайда, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ресейлік компаниямен ешқандай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ деді. Бұл жайында ол Ақордада тілшілерге берген сұқбатында айтты. Толықырақ тілші тарқатады.

Қарағандыдағы «Арселлор Миттал» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында 5 кеншінің өмірін қиған апаттан соң, бұл компанияның елімізде одан әрі жұмысын жалғастыру, жалғастырмау мәселесі к.н тәртібінде тұр. «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты шахталарды соңғы 15 жылда 100-ден аса шахтер қайтыс болған. Қазақстандықтар «Арселлор Митталмен» келісім шартты бұзып, шетелдік компанияның жұмысын тоқтатуды талап етуде. Үкімет аталмыш компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Кейін әлеуметтік желіде «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясы келуі мүмкін деген ақпарат бұрқ ете қалды. Алайда, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты. Яғни үкімет ресейліктермен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. бірақ Скляр шіріген бай Лакшми Митталмен келісім-шарт бұзыла ма, оның орнына кім келеді деген сұраққа жауап бермеді. Ол әзірге құпия.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Олай емес, Ресей компанияларымен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Ешқандай келіссөз жүргізіліп жатпағанын тағы да түсіндіріп кетейін. Қазір инвестор қай елден келетінін айту ерте»

Склярдың айтуынша, «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясы қондырғыларды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіріп жатыр. Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Сол себепті үкімет өндірісті дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.Қазақстанда «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясында 50 мың азаматымыз еңбек етіп жатыр.. 2014-2015 жылдары «Арселлор Миттал Теміртауға» 50 миллион доллар көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілген. Кезінде компания шахталарды 20 пайызға тозған күйінде алса, қазір кен орындарының тозығы 70 пайызды құрап отыр. Ал аудиторлық есепке сүйенсек, «Арселлор Миттал Теміртаудың» күнделікті табысы миллион долларды құрайды. Ал үкімет қыстың қамын жасап үлгере ме? Елдегі 70 пайызға тозығы жеткен Жылу электр орталықтары жылыту маусымына дайын ба? Вице-премьер дайындық жұмыстары бойынша жөндеулер жүргізіліп жатыр. Алайда, қыста орын алған Екібастұздағыдай жағдай орын алмасына кепілдік жоқ сияқты. Себебі, Скляр мырза апаттар тіпті жаңа станциялардың өзінде де болады деді.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бүтін бір қала жылусыз қалмайды. Ондай ешқашан болмайды. Апаттар болу мүмкіндігі ықтимал. Апаттар жаңа станцияда да болуы мүмкін. Бұл - табиғи үрдіс. Бірақ дайындық бойынша бүкіл желі қамтамасыз етіледі. Бұл орайда апатты қалай жоятыны маңызды»

Роман Склярдың мәліметінше, биыл қаржыландыру көлемі былтырғымен салыстырғанда бірнеше есеге өсті. Ескі және тозған жүйелерге қатысты жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр. Ал Екібастұзда 10 қазандыққа, оның 5-еуі энергетикалық, 5-еуі жылыту қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде. Қондырғылар мен қажетті материалдар орнында. 500-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Толық қаржы құйылды. Жаңа станция іске қосылады. Басқа жылу энергия станциялары тариф инвестициясымен алмасу бағдарламасы аясында қаржыландырылды деп сендірді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.