Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Театр сүйер қауым назарына!

c 00:00, 20/03/2015 c 824

0:00 / 0:00

27 наурыз - Халықаралық театр күні мерекесіне орай, БҚО Қазақ драма театрында Еврипидтің «Троя арулары» қойылымының тұсау кесері болмақ. Бүгінде театрдың өнер ұжымы қызу дайындық үстінде. Грек драматургиясы қоржынынан Еврипидтің «Троя арулары» сонау ықылым заманда жазылған құнды дүниелердің бірі мен бірегейі. Ал, осы шығарманың қазақ тіліне аударуды жөн көрген өңіріміздің тумасы, белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев. Ал, шоқтығы биік осы шығарма өңіріміздің қазақ драма театрында қойылу керек - дегенді жөн санаған Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Троя арулары» спектаклінің режиссері Қуындық Қасымов шығармаға былайша ой тастады... Көрермен назарына жол тартқалы жатқан бұл трагедиялық шығарма ықылым заманда аты жер жарған Трояның күйреп, қырылуы кезеңіндегі зұлмат заманды бастан кешірген әйелдердің тағдыры - халықтың тағдыры. Сол заманда ер азаматтарын жойып, сәбилерін аяусыз қырып жіберген халықтың мұңлы тағдыры режиссер қосқан қазақ әндерімен көрініс табады. Классикалық шығарманың құндылығы - сол замандағы жағдайдың қазіргі заманмен астасып жатқандығында - дейді қойылым режиссері. Ендеше, шымылдығын түріп, жаңа қойылыммен көрермен қошеметіне бөленген соң, бұл өнер ордасы келешкте бұл спектакльді Қырым жағалауында өтетін Халықаралық фестивальге көрсетуді жоспарлап отыр. Талаптарына толағай табыс тіледік...

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.