Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Таза жағалау

c 15:57, 30/05/2018 c 776

0:00 / 0:00

Облыс аумағындағы жағалаулардан бір ай ішінде 24 мың тонна күл-қоқыс жиналды. Бүгінде тіпті қала орталығындағы жағалаулардың өзі жиналған қоқыстың салдарынан адам танысмастай күйге түскен. Қоршаған ортаның бұл жағдайына бейжай қарамайтын мыңдаған ерікті көпке үлгі болып, осы шараға белсене үлес қосты. «Таза жағалау» акциясы биыл да жыл сайынғы дәстүрден жаңылмай мамыр айында қолға алынды. Ауқымды тазалық акциясына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді. Енді олар бұқара халықты да табиғат тазалығына бейжай қарамай, бірігіп, белсене атсалысуға шақырады. Өкінішке орай, жиналған қоқыстың көп бөлігі пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстардан тұрды. Бұл дегеніміз, жазда демалуға келген тұрғындардың салақтығын, табиғат-ананы аяламайтындарын көрсетеді. Егер демалушылар қоршаған ортаның тазалығын ойлайтын болса, осыншама қоқыс болмас еді, деп қынжылады ұйымдастырушылар.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.