Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТАМАША» ЦИФРЛАРДЫҢ АРТЫНДА НЕ ТҰР?

c 19:15, 07/06/2023 c 74

0:00 / 0:00

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев бастаған үкімет мүшелері бүгін мәжіліс депутаттарының алдында 2020 жылғы бюджеттің атқарылуына қатысты есеп берді. Әрине әдемі сандарды тізбектеп шыққан үкіметтің есебімен қатар Жоғары аудиторлық палатаның да баяндамасы тыңдалды. Тағы да сол қазына қаржысын тиімсіз пайдалану, дұрыс игермеу, қарыз алып қарыз жабу, бюджет тапшылығы мәселері бұл жолы да айтылды. Ал депутаттар 2022 жылы игерілмеген қаражат 325 млрд теңгені құрағанын айтып сынады. Бір жыл ішінде бюджет бойынша қосымша 8 түзету, 1 нақтылау жүргізілген. Яғни Парламентте бюджеттің нақтылауын есепке алмағанда бұл шамамен 1 трлн теңгені құрап отыр. Мәжілісмендер үкіметтің жұмыссыздыққа қатысты статитсикасына да сенбейтінін айтып, даурықты.

2022 жылдың бюджеті қалай атқарылды? Не жасалды? Не іске аспады? Игерілмей қалған қаражат көлемі қанша? Үкімет пен Жоғары аудиторлық палата өз есептерін депутаттарға жарыса баяндады. Әдеттегідей аудит жүргізген Жоғары аудиторлық палата біраз кемшілікті тізіп шықты. Жыл сайын мемлекеттік бюджетке 3-4 трлн теңге салық түспей қалады дейді палата төрайымы Годунова ханым. Бұл көлеңкелі экономикадан түспеген салық

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ «Жоғары аудиторлық палатаның аудиті 64 салықтық жеңілдікті Ұлттық экономика министрлігі де, Мемлекеттік кірістер комитеті де ескермегенін анықтады. Бұл тек 4 жылдағы бюджет шығыны шамамен 10 трлн теңгені құрады. Бұдан бюджет тапшылығы орын алды. Яғни, қарызға өмір сүресің. Бұл ретте үкіметтік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар бюджеттің таза кірістерінің 25 пайызын немесе 2,9 трлн теңгені құрайды»

Өткен жылдың бюджетінің атқарылуына қатысты есепті тыңдай келе, депутаттар үкіметтің есебіне сенімсіздік білдірді. 2022 жылы игерілмеген қаражат 325 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде бюджет бойынша қосымша 8 түзету, 1 нақтылау жүргізілген. Парламентте бюджеттің нақтылауын есепке алмағанда бұл шамамен 1 трлн теңгені құрап отыр. Үкімет халықтың әл-ауқатын көтеруде де мардымды жұмыс атқара алмай отыр деп сынады депутат Бейсенбаев

Ал ауылдықтар ауыл шарушалығына бөлінетін қаржы көлемі тым аз. Агроөнеркәсібін дамытуға баса назар аударылмай отыр дейді.

Сондай-ақ, мәжілісмендер халық арасындағы жұмыссыздық проблемасына да тоқталды. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың мәліметінше, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 9-10%-дан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есеге көп. Яғни Үкіметтің елдегі жұмыссыздық 4,9 пайызды құрайды деген мәліметі өтірік дейді депутаттар. Әріптесін депутат Бапи де қолдады. Ол министрлер кабинеті бүгінгі дағдарыс кезінде халыққа өтірік мәлімет бергенше, шындықты айтқаны жөн дейді.

Яғни Смайлыов үкіметі тұрақты жұмыс орындарын ашып, өндірісті дамытпай, бюджеттен бөлінетін қаржыны тек уақытша жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтау үшін жұмсалып отыр, - дейді депутаттар. Палат төрағасы «тамаша» цифрлардың артында тұрған мына проблемаларды тізіп шықты.

Не керек, 2022 жылғы бюджеттің атқарылуына арналған үікмет пен аудитрық палатаның есебіне дауыс беруде 73 депутат жақтап, 12 депутат қарсы болып, 7 депутат қалыс қалды. Көпшілік дауыспен есеп қабылданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.