Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАҒЫ ДА БАҒА ӨСЕДІ

c 10:03, 15/09/2021 c 662

0:00 / 0:00

Баға саясатына қатысты тұрақтылық болмай отыр. Министрлер кабинеті мен Ұлттық банк инфляция өсімін қайта –қайта есептегенімен, қамбатшылық күйдіріп барады. Биылғы тамыз айында инфляция өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияның өсуіне барынша себеп болып отыр. Бағалардың ең көп өсуі Түркістанда, Нұр-Сұлтанда және Қызылордада орын алуда. Үкімет басшысы Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге бағаны тежеу жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Министрлер кабинеті мен Ұлттық банк инфляция өсімін қайта –қайта есептеп, баға өсуінің себебін айтып ақталғанымен, қымбатшылық күйдіріп барады. Себебі, құзырлы органдар тауарға бағаның өсуінің алдын алмай, оның салдарымен күресуді әдетке айналдырған. Өздеріңізге мәлім, биыл картоп пен сәбіз бағасы шарықтап, рекордтық көрсеткіш жасады. Келісі 500 теңгеге жеткені есімізде. Енді кей өңірлерде орын алған қуаңшылық салдарынан, мал қырылып, ет бағасы қымбаттап отыр. Қазір базарлар мен дүкен сөрелеріндегі жылқы етінің келісі 3000-3500 тг болса, сиыр мен қой еті де қалыс қалып жатқан жоқ. Ең маңызды деген, көп тұтынатын азық-түлік бағасы қымбаттап, қара халықтың табысына жүк салды. Ал Президент айтқандай Үкімет пен Ұлттық банк инфляциямен күресте дәрменсіз екенін көрсетті. Бас банкир, ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен толтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап көкөніске бағалар тұрақтанып, төмендей бастады. Соңғы 3 аптада бағалар 0,7 пайызға төмендеді, - деп ақталады. Дегенмен, киім-кешек пен жанар-жағармай қымбаттайды.

Өз кезегінде атына заты сай болмай отырған сауда министрлігі  баға тұрақтылығында әлдсіздігін көрсетті. Министр Сұлтановтың ішкі нарықтағы көкөніс бағасын реттеу үшін, көрші елден сәбіз, картоп іздеп кеткені есімізде шығар. Енді министрдің алдында инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысы тұр.

Тізе берсек тек тамақ ғана емес,  қызмет көрсету түрлері,  электр энергиясы, газ, әуе тасымалы, жалдамалы пәтер, қоғамдық тамақтанудың да бағасы өсті. Бағаның ең жоғары өсуі Түркістан мен Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.