Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыйлық сыйыңды бұзады

c 14:23, 28/12/2018 c 758

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасағандар мен сыйды алған адамдар миллиондап айыппұл төлейді. Осы орайда жаңа жыл мерекесінің қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бқо бойынша департаментінің мамандары қалалық білім беру бөлімінде болып басшының жұмыс бөлмесінен бастап, қызметкерлердің жұмыс үстеліне дейін тексеру шараларын жүргізді. Алдымен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың жеке жұмыс кабинетіндегі сөрелер нысанаға алынды. Мұндағы мақсат - "Балық басынан шіритіні" секілді алдымен басшыларға, жемқорлық әрекеттерді алдын алу қажеттігін түсіндірдіру және мереке қарсыңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Өйткені осы жылы сыбайлас жемқорлықтың бірнеше дерегі тіркеліпті.Бұдан соң білім бөліміне қарасты өзге де мамандардың жұмыс бөлмелеріне көз түсті. Алайда, әзірге мұндай қадамға барған бір де бір мемлекеттік қызметкер ұсталмапты.
Мамандардың айтуынша, мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беретіндер көбейеді. Бірақ мұндай әрекеттен аулақ болу керек. Өйткені, егер 2 айлық есептік көрсеткіштен аз сыйлық беру үстінде қолға түссеңіз, 481 мың теңге, ал сол сыйлықты алған мемлекеттік қызметкер 1 жарым миллион теңгеге жуық айыппұл төлейді. Егер сыйлық құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, сыйлығыңыз пара болып саналады және қылмыстық іске жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.