Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫ КОНСОРЦИУМЫН ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ

c 09:36, 16/11/2021 c 924

0:00 / 0:00

Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сутегін өндіріп, тасымалдайтын жаңа технологияны дамыту үшін Халықаралық консорциум құруды ұсынды. Бұл үшін Қаақстанда барлық мүмкіндік барын айтты. Тоқаев сутегі энергетикасын дамыту туралы ұсынысын қарашаның 12-і күні Түркияда өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8-саммиті барысында айтты. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мақсатында баламалы энергия көзін қолдану аясын кеңейтуді айтты. Еске сала кетейік, аталмыш Түркияның Стамбұл қаласының оңтүстік-шығысында Мәрмәр теңізінде орналасқан Демократия және бостандық аралында өткен еді. Айтулы жиында 10-нан аса құжатқа қол қойылып, "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің" атауын "Түркі мемлекеттері ұйымы" атауына өзгерту туралы шешім қабылданды.
Атауы жаңарған «Түркі мемлекеттері ұйымының» жиынына түбі бір түркі елдерінің басшылары қатысты. Бұл ұйымға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдері мүше. Саммитке бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Венгрия басшылары да қатысты. Ақорданың хабарлауынша, айтулы жиында оннан аса маңызды құжатқа қол қойылды. Ең бастысы Президенттер Түркі кеңесінің атауын «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп өзгертіп алды. Өз кезегінде қазақ басшысы, Түркия елінің қонақжайлылыған алғысын айтып, ұйымның әлемдік деңгейдегі салмағы артатыны сенім білдірді.

Тоқаев бірқатар ұсыныстарын алға тартты. Ұйым ең алдымен экономикалық, гуманитарлық және экологиялық мәселерді шешіп алуы керек деді. Жаһандық проблема-қоршаған ортаның ластану болып отыр. Бұл орайда қазақ басшысы «Жасыл экономикаға» көшу мәселесіне басымдық жасау қажеттігін айтты. Көміртегіне тәуелді ел ретінде Қазақстанға бұл мақстақа жету үшін қаншамы жыл қажет. Президент алдағы он жылда елде парникті газ шығаруды 15 пайызға азайтамыз, 2025 жылға дейін 500 мың гектар жерге 2 миллиард түп ағаш отырғызамыз деді.Сондай-ақ, сутегі энергетикасын дамыту үшін Халықаралық Консорцуим құруды ұсынды.

Президент жасыл технологияға қатысты ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін жасыл капитал нарығын дамыту жөнінде де өз ойымен бөлісті.

Қазақ басшысының ұсыныстарының бірі- "Түркі ұйымының заманауи технопарктер орталығын құру" болды. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылы IT саласында еңбек етіп жүрген жастардың арнайы форумын өткізуді алға тартты. Оны "Astana Hub" халықаралық IT-стартаптар технопаркінде ұйымдастыруға болатынын айтты. Президенттің айтуныша, бүгінде мұнда 560-тан астам компания жұмыс істеп жатыр. Оның 55-і шетелдік компания. Стартаптар соңғы 2,5 жылда 375 миллион доллардан астам пайда тапты. Сонымен бірге 132 миллион долларға жуық инвестиция әкелді. Жалпы, "Astana Hub" технопаркінде жеңілдетілген визалық режим бар. Ал онда жұмыс істейтін компаниялар салықтан босатылады деді. Сөз соңында Тоқаев қиын-қыстау замандарда қазаққа құшағын жайған түрік халқына алғысын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.