Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судың да сұрауы бар

c 09:45, 23/12/2020 c 709

0:00 / 0:00

Алдағы он жылда Қазақстанда су тапшылығы орын алады. Су тұтынудың қазіргі үрдісі сақталса, 2030 жылға қарай болжамды тапшылық 11,7 км³ болуы мүмкін, дейді экология  министр Мағзұм Мырзағалиев. Осыған орай, суды көп қажет ететін күріш пен мақта алқабын қысқартуға тура келеді. Үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында су ресурстарын үнемді пайдалану мәселесі талқыланды.

Судың да сұрауы бар. Суды осылай үнемсіз  пайдалана берсек, тапшылыққа келіп тірелеміз. Ауыз суды айтпағанда, суармалы жерлердің проблемасы туындап отыр.  Соңғы үш жылда Қазақстан суы аз цикліне кірді. 2019 жылы өзен ағысының жалпы көлемі 83 текше метрді құрады, бұл орташа көп жылдық көрсеткіштен 20 пайызға аз. Ал алдағы он жылда  су тапшылығына тап боламыз дейді министр.

Министрдің айтуынша, пайдаланып отырған судың 97 пайызы оңтүстіктегі 4 облысқа тиесілі. Ал жалпы республика бойынша пайдаланылған судың нақты көлемі 13,3 текше метрді құрайды. Бұл орайда бас эколог суды көп қажет ететін күріш, мақта алқаптарын азайтуды ұсынды.

Күріштің отаны Қызылорда облысында биыл 89,5 мың гектар алқапқа күріш егілген.Алайда, диқандар су тапшылығынан қиындыққа тап болды.

Министр Мырзағалиев   су тапшылығын болдырмау үшін  алдағы бес жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдардан 192 миллиард теңге жұмсалатынын айтты.  Бұл қаражатқа суармалы жерлерді қайта жаңарту, магистралдық каналда цифрландыруды жаппай енгізу, жаңа су қоймаларын салу көзделіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.