Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУБСИДИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ

c 21:00, 04/12/2021 c 916

0:00 / 0:00

Елде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау жүйесі реформаланады. Бұл жайында сала министрі Ербол Қарашөкеев Сенатта өткен Парламенттік тыңдау барысында айтты. "Ауыл шаруашылығын дамыту проблемалары мен перспективалары" тақырыбында өткен жиында министр ауыл шаруашылығындағы субсидиялар негізінен ірі бизнес субъектілеріне бейімделген деді.

Жалпы ауыл шаруашылық саласында шешімі табылмай жатқан мәселе көп. Ал субсидиялау мәселесінде жемқорлық өршіп тұр. Себебі, ауыл шаруашылықты дамытуға берілетін мемлекеттің қаржысына ауыз салғыштардың алған қаражатты тиімсіз пайдаланған деректері тіркелуде. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге деп алған субсидия сән салондарын ашуға жұмсалған деректер де жоқ емес. Қазір Президенттің тапсырмасын субсидия алғандардың әрекеті май шаммен қаралып жатыр. Енді министр субсидиялау жүйесін реформалау қажет дейді. Бұл ең алдымен оның механизмдерін жеңілдету және бағыттарды оңтайландыру, барлық субъекті үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Субсидиялар ақырғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталмақ. Қарашөкеев субсидия бері цифрландыру арқылы жүргізілетін болады дейді.

Сенаторлардың айтуынша, субсидия көп жағдайда ірі бизнеске беріледі де, шағын кәсіпкерлер бұдан құр алақан қалады.

Ауыл шаруашылық министрі жаңа реформа бұл мәселені де шешеді деп сендірді.

Жиында субсидия алушылар үшін бюджет қаражаты көлемін жоспарлау жүйесін енгізу және инвестициялаудың әлдеқайда өзекті бағыттарын қолдауға арналған шаралар құру ұсынылды.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарымды және мақсатты негіздегі жеңілдетілген кредиттеу түріндегі, соның ішінде бюджеттік емес қаражатты тарту мүмкіндіктерін қарастыру айтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.