Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су көліктері тексерістен өтіп жатыр

c 15:20, 17/04/2018 c 1052

0:00 / 0:00

Сәуір айының 20-нан бастап өңірімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын навигация басталады. Яғни, кемелер суда жүзе бастайды. Сала мамандары аталмыш шара басталмастан бұрын су көліктерінің техникалық жабдықталуын, кемелерге берілген арнайы рұқсат құжаттарын тексеруде. Су айдындарында жұмыс жасайтын көліктер қандай талаптарға сәйкес болуы керек?

Навигация басталмастан бұрын, өңіріміздегі су көліктері тексерістен өтіп жатыр. Сала мамандары қыстан аман шығып, жұмысына кіріскелі жатқан кемелердің техникалық жабдықталуын, өрт қауіпсіздігін сақтауы мен арнайы рұқсат қағаздарының болуын жаппай тексеруде.

Суда өз жұмысын бастайтын кемелер мен адам тасымалдайтын қайықтардың баршасы құтқарушы жилеттермен жабдықталуы керек. Сондай-ақ, тексерістен өтіп жатқан кеме капитандары болса, су көліктеріміздің кем-кемтігін түзетіп, су айдынына шығуға дайындалып жатырмыз. Біздің кемелеріміз өзенде түрлі қызмет атқарады. Сол себепті кеме жұмысқа сақадай сай болуы тиіс.- дейді.

Кеме капитаны
Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Біздер ең алдымен құжаттарымызды еліміздің регистрына тапсырамыз. кейін көлікті бақылау инспекциясында тексерістен өтеміз.

Сала мамандары су көліктерінің иелеріне навигация кезеңіне дейін барлық, тексерістерді жүргізіп, құжаттарды өткізу керек. Егер заң талаптары сақталмаған жағдайда қайықтың иелері әкімшілік айыппұл төлейтінін ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.