Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОТҚА ТАРТЫЛҒАНДАР

c 14:56, 29/02 c 28

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Айыпталушылар тізімінде Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов тұр. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Күдікті Бишімбаевтың алқабилермен ашық сот отырысын өткізу туралы өтініші бар. Елді дүрліктірген қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында елордадағы мейрамханалардың бірінде орын алған еді. Қуандық Бишімбаевқа марқұм Нүкенованы асқан қатыгездікпен ұрып өлтірген деген айып тағылып отыр. Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамда резонанс туырды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері жайында ашық деректер айтыла бастады. Бұл іс Президенттің жеке бақылауында. Ал бір аптадан бері әлеуметтік желіде күдікті Бишімбаевты жаппай қорғап жатқан блогерлердің жазбалары, оның адвокаттарымен сұқбаттары шыға бастады. Енді қоғамда экс-министр алқабилер сотына жүгініп, жеңіл жаза алуы мүмкін деген пікірлер айтыла бастады. Депутат Аймағамбетов Бишімбаевты қорғамақ түгілі, бұл жайында айтудың өзі ауыр дейді.

Әйелінің өліміне қатысты бас күдікті Қуандық Бишімбаевқа азаптау және аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал оны жақтап жатқан блогерлердің әрекеті заңды ма деген сұрақ туындайды.

Сондай-ақ, прокурорға 2019 жылы 17 жылға сотталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рсықалиевке қатысты да сұрақ қойылды. Оның экс-депутат ағасы Аманжан Рысқалиев те 16 жылға сырттай сотталған еді. Қазына қаржысына қол сұққан Бергей Рысқалиев мемлекетке 72 млрд теңге зиян келтірді деп айыпталуда.Қазір ағайынды Рысқалиевтер Лондонда емір-еркін өмір сүріп жатыр. Күні кеше әлеуметтік желіде Рысқалиев пен Назарбаев билікте отырған кезінде Президент әкімшілігін басқарған Аслан Мусиннің фотосы жария болды. Сотты болып, қиналып жүрген адамдарды байқамадық. Ал сырттай сотталған Рысқалиевтерді әлге әкелуге бізде ешбір заңдық мүмкіндік жоқ екен.

ӘСЕТ ШЫҢДАЛИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бергей Рысқалиевке сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, бізде Лондонмен сотталғандарды беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды».

Ал қаралы қаңтар трагедиясы кезінде лауазамды өкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отырған экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді дейді прокурор. Ол кезде Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған еді. Алайда Әбіш бірден қамауға алынған жоқ. Оған елден шықпау туралы қолхат берілген. Самат Әбіштің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша, оны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.