Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот орындаушылардың қызметінде заң бұзушылықтар бар

c 16:30, 12/07/2018 c 646

Батыс Қазақстан облысында сот орындаушылардың қызметінде заң бұзушылықтар анықталды. Заңнан ауытқу фактілері облыс прокуратурларының тексерісі нәтижесінде белгілі боп отыр.Мәселен, 2016 жылдан бастап сот орындаушымен мемлекетке 10,1 млн.теңге бережақ азаматтың жер учаскесіне тыйым салынбаған. Борыштары 40 млн.теңге болатын 26 азаматқа шет елге шығуға тыйым салынбаған, ал бір азаматтың қарызы 2 млн.теңге болса да, ол 2017 жылы бірнеше рет Ресей Федерациясына барған. Бұдан бөлек, бережақтары бар тұлғалар өздерінің шоттарынан қаражатты кедергісіз алып жүрген. Ал айналым 1 млрд.теңгеден астам.Сот орындаушылар 256 атқару құжатын мүлікке тыйым салмастан және өндірместен қайтарған. Нәтижесінде бюджетке 5 млн. теңгеге жуық қаражат түспеген. Жеке сот орындаушылар 139 әкімшілік айыппұлды заңсыз қабылдаған.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.