Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сирияда соғысқан азамат елге оралды

c 17:36, 09/11/2017 c 1847

Жат ағым жетегінде кетіп, Сирияда соғысқан азамат елге оралды. Екі жоғары білімі бар, шетелдік компанияда қызмет атқарған төрт балалы Арыстанов Жанат Бақытжанұлы 2013 жылдың басында Біріккен Араб Әмірліктеріне, ал сол жылдың соңында Түркияға, кейіннен Сирияға аттанған. Ол жерде дін жолындағы күресті жалау етіп қарулы қақтығыстарға қатысыпты. Алайда бірнеше айдан соң Арыстанов өзі қатарлас «діншілдердің» сеніміне күдікпен қарай бастаған. Күдігін топтағы жиһадшыларға жеткізгенде, оның өзіне қарсы оқ атылып, қолынан жарақат алған. Бұдан кейін Арыстанов Түркияға қашып кетуге мәжбүр болған, себебі өзі аттанған «жиһадтың» нағыз адасушылық екендігін түсінген. Екі жыл бойы түрік елінде болған оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері анықтап, елге қайтарыпты. Бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған 38 жасар азаматқа бүгін сот үкімі шығып, ол 10 жылға темір торға тоғытылды.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.