Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СИНГАПУР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САПАРЫ

c 22:53, 22/05/2023 c 188

0:00 / 0:00

Сингапур Халима Якобтың Қазақстандағы мемлекеттік сапары тарихи оқиға болып бағалануда. Себебі, Сингапур Президенті Орталық Азия елдерінің арасында ең әуелі Қазақстанға келіп жатыр. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл біздің ел үшін зор мәртебе. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз – тарихи оқиға –деді. Бүгін Ақорда құрметті мейманды жоғары дәрежеде қарыс алды. Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

5 миллион 800 мың халқы бар Сингапур әлемді мойныдатқан елдердің алдыңғы қатарында тұр. Сингапур 1965 жылы ғана тәуелсіз мемлекет атанды. Жарты ғасырдың ішінде жемқор және кедей елден үлгілі мемлекетке айнала білді. Сингапур Азиядағы ең аз коррупцияға ұшыраған мемлекеттер қатарына кіреді және бұл тұрғыда әлем бойынша бесінші орында тұр. Бұған жоғары айыппұлдар енгізу мен өз лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту заңы себепші болды. Жемқорлық жойылған елдің экономикасы дамып жатыр. 2017 жылдан бері Сингапурды басқарып келе жатқан Халима Якоб бұл елдегі алғашқы әйел-президент. Ақорда құрметті мейманды дәстүрлі түрде қарсы алды. Әдеттегідей салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, екі жақтың делегациясымен амандасу рәсімінен соң, президенттер бірге суретке түсті. Одан әрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халима Якоб келіссөздер жүргізді. Ақорданың хабаралуынша, тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақ басшысы Сингапур Президенті Халима Якоб ханымның елімізге бұл сапарын тарихи оқиға да бағалады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ "Сингапур Президентінің Орталық Азия елдерінің арасында ең әуелі Қазақстанға келуі – біз үшін зор мәртебе. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз – тарихи оқиға. Бұл сапар біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенімдімін. Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге ниетті".

Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа тоқталсақ. Бүгінде елімізде 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Тоқаев Сингапурдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын айтты. Экономикалық қиындықтар мен пандемияға қарамастан, былтыр өзара сауда-саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бұл өте жақсы нәтиже деп санаймын», – деді қазақ президенті. Қазақстаннан Сингапурға Экспорт 2022 жылы 67,8%-ке өсіп, 1,9 млрд. АҚШ. долларын құрады. Ұлттық экономкиа министрдігінің мәліметінше, Қазақстаннан Сингапурға негізгі экспорттық тауар мұнай болып табылады, оның үлесі 99,9%. Ал Сингапурдан Қазақстанға келген импорт көлемі 47,1 миллион ақш долларын құрап отыр. Сингапурден біздің елге негізінен компьютерлік өнімдер, әртүрлі өлшеу жабдықтары және химиялық заттар импортталады.

ХАЛИМА ЯКОБ – СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Өте дұрыс айтасыз. Бұл – Сингапур Президентінің Қазақстанға, жалпы Орталық Азияға алғашқы сапары. Сондықтан бұл – өте маңызды сапар. Қазақстан – біз үшін Орталық Азия аймағындағы аса маңызды серіктес. Өйткені еліңізді, шын мәнінде, аймақтағы көшбасшы ретінде танимыз. Бұл біз үшін өте маңызды әрі көп жылдан бері жақсы қарым-қатынас жасап келеміз. Бізді тығыз қарым-қатынасымыз ғана емес, ашықтық және тәртіп секілді қағидаттарға беріктігіміз де байланыстырады. Бұл – Қазақстан үшін де, біз үшін де маңызды».

Сондай-ақ президенттер экспорт мүмкіндіктерін кеңейту, еліміздің аумағында бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, Алматы маңындағы «G4City» агломерациясының құрылысына қатысты бірлескен инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы, қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен «Бір жол – бір белдеу» бастамасын бір-бірімен сабақтастыру, екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі де сөзге тиек етілді. Ақордадағы бұл кездесуде Қазақстан мен Сингапур арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімге, екі елдің халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық, сауда саясатын дамыту бойынша келісімдерге қол қойылды. Кездесу соңында қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Халима Якобты I дәрежелі "Достық" орденін марапаттады. Бұл екі жақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін табыс етілген марапат болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.