Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетелдіктердің жұмыс күші жергілікті мамандармен алмасады

c 17:33, 03/02/2020 c 449

0:00 / 0:00

Мұндай бастама БҚО әкімдігі және КПО б.в. компаниясы арасында жергілікті қызметкерлерді техникалық мамандықтарға оқытуға арналған меморандум аясында жүзеге аспақ. Аталған ынтымақтастық асында тренинг орталығын құру мәселесі жолға қойылып отыр. Өткен жылдың тамыз айында БҚО әкімдігі үшінші және төртінші санаттағы шетелдіктердің жұмыс күшін қысқарту және оларды жергілікті мамандармен ауыстыру туралы шешім қабылданған-ды. Мұнымен қоса, тренинг орталығын құру туралы шешім де қабылданған болатын. Аталмыш бастама аясына БҚО әкімдігінің өкілдері, КПО б.в. және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін шетелдік мердігерлік ұйымдар мұрындық етуде. Келіссөзге бағытталған жиында Ақсай техникалық колледжінде ашылатын оқу орталығына кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар мамандарды оқытуға қабылдау маусым мен шілде айларында басталатындығы сөз болды. Жол картасы аясында тренинг орталығын қажетті жабдықтармен жабдықтап, оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілмек. Еске салсақ, ел Перзиденті Қасым - Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде маман әзірлеу жүйелерінің сапасын жаңа деңгейге көтеру, кадр дайындау сапасы мен еңбек нарығындағы сұраныстың арасындағы алшақықты қысқарту - негізгі міндет екендігін атап өткен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.