Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕТЕЛДЕ ҚАНША АСЫРАНДЫ БАЛА ЖҮР?

c 14:09, 23/01 c 33

0:00 / 0:00

Елімізге туған анасын іздеп келген Бельгиялық Жәнібек Савельевтің оқиғасы қазақ қоғамын қайта оятқандай. Себебі, Жәнбектің анасын іздеп жатқан топ шетелдіктердің асырап алуына жіберілген жетім балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің орын алғанына куә болып жатыр. Тіпті шетелге науқас балаларды жіберіп жатырмыз деген сылатумен дені сау балалар сатылып кеткен болуы керек деген күман туды. Сенатор Дархан Қыдырәлі бас прокурор мен үкімет басшыса жолдаған сауалында осы мәселені көтеріп Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар жоқ. Сол сияқты, АҚШ-тағы 104 бала, Белгиядағы 113 баланың тағдырын білмейміз. Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге кеткені туралы мәлімет мүлде жоқ –деген еді. Ал сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сенатордың бұл сөзін жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, біздің елден африка елдеріне асырап алуға бала берілмейді.

Смадияровтың айтуынша, балаларды асырап алған шетелдіктер консулға есеп беріп тұруы керек. Сондай-ақ, шетелдіктер асырап алған бала 18 жасқа дейін Қазақстан азаматы болып саналады. Біздің шетелдегі консулдар арнайы бағдарлама бойынша оларды бақылап көмектеседі.Ал 18 жастан кейін бала қай елдің азаматтығын алатынын өзі шешеді. Сондықтан 18 жастан асып, басқа елдің азаматтығын алғандар туралы мәлімет жоқ. Ал қазір 18 жасқа дейінгі 1993 бала консулдық есепте тұр, - деді ресми өкіл. Өткен апта еншісіндегі тағы бір даулы мәселе-ресейлік тележурналист Тина Канделакидің біздің елге қатысты пікірі болды. Қазақстанда орыс тілі шеттеліп жатыр деп басы дауға қалған ресейлік журналист Қазақстанға кіре алмауы да мүмкін.

Еске сала кетейік, Канделаки Қазақстандағы теміржол вокзалдарының атауын қазақша өзгертуге қарсы мәлімдеме жасаған еді. Оған Орал, Жаңаөзен теміржол вокзалдарының қазақшалануы ұнамай қалған сияқты. Осы жазбасынан соң ресейлік тележүргізушіні қазақстандықтар, белгілі блогерлер әлеуметтік желіде әбден сынға алған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.