Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатырлардағы мұз сүңгілерінен келетін қауіп артып отыр

c 17:40, 13/03/2018 c 957

0:00 / 0:00

Сол себепті пәтер иелері кооперативтеріне төбелерді қар мен мұздан тазарту туралы тапсырма берілген. Бүгін облыс орталығындағы ғимараттардың бірінде арнайы көлікпен сүңгілерді қағу жұмыстары жүргізілді. Ал қауіпті ғимараттар маңы қоршауға алынды.

Күннің райының құбылуы көше бойында аяқ алып жүруді қиындатты. Орталық көшелерді коммуналдықтар аршып, тұз сеуіп, қауіптің бетін қайтарғанымен, қосалқы көше бойларында жаяу жүргіншілер кібіртіктеп әрең қадам басады. Ал үй шатырларынан салбыраған сүңгілер мен төбені басқан қалың қардан келер зардап өз алдына. Сол себепті биік ғимараттар жаны қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Тұрғын үй шатырларындағы қар мен мұздақтарды түсірумен пәтер иелері кооперативтері айналысады. Сондықтан дер кезінде оны ұйымдастырып, арнайы техника жалдау үйге жауаптылардың міндетіне енеді. Ғұмар Қараш көшесінің бойындағы осындай ғимараттардың бірінде бүгін арнайы жұмыс атқарылған болатын.

Қауіптің қайдан дері жоқ. Ендеше тайғақ жолда және айналасы қоршалған ғимараттар маңынан өткенде сақтанып жүруді ұмытпағайсыздар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.