Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаруалардың қалтасы қағылды

c 19:08, 07/09/2020 c 515

0:00 / 0:00

Жаңадан енгізіліп отырған утилизациялық алым шаруалардың қалтасын қақты. Осыдан бір жыл бұрын фермерлер енді ғана сатып алып жатқан техникаға салық төлеу негізсіз, бұл ет мен нанның қымбаттауына әкеп соғады деп дабыл қаққанды. Осыған орай аграрлықтар Президенттің атына үндеу жолдағанды. Айта кету керек, индустрия министрлігі үш ай бұрын қайта шығарылған және астық жинауға арналған комбайндар мен тракторларға қатысты утилизациялық алым енгізді. Егер ішкі нарық қажетті техникамен қамтылса ауыл шаруашылық өнімдерінің қамыбаттауына жол берілмейді. Бұл норманың ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты жоқ деп хабарлайды. Бұл салық Қазақстанда трактор жинауға мүмкіндік береді, деп отыр.

Қазақстанда тіркелген ауыл шаруашылық техникасының 70 пайызы егістік алқабында 15 жылдан аса қолданылып келеді. Жаңартылған техника саны 3 пайыздан аспайды. Егер комбайндар мен тракторлар қымбаттаса, бұл мәселе осы қалпында қалатын сияқты. Осыған орай Индустрия министрлігі қайта шығарылған және астық жинауға арналған комбайндар мен тракторларға қатысты утилизациялық алым енгізді .Алайда, бұл ауыл шаруашылық саласында кәсібін айналдырып отырған шаруалардың қалтасын қағып отыр. Олар барлық техника есепте тұр, ал жұмыс істемейтіні бөлшектерге кеткен немесе метал сынықтарын жинауға тапсырылған дейді.Яғни егіс алқабында шіріп жатқан техника жоқ. Аграралықтарды алаңдатып отырғаны, енді ғана сатып алынған су жаңа техника үшін төленетін алымдар қайда кетеді, кімнің қолына жетеді?

Шаруалардың күмәнін тудырып отырғаны қоршаған ортаны қорғау үшін қалталарын қағып отырған утилизациялық алымдардан жиналған млрдтар ел қазынасына емес, жеке комапнияның қоржынына түседі екен. Ал фермерлер айтқандай, жаңа салық түрі енгізілсе, нан мен ет қымбаттайды деген болжам орындалды. Биыл нан да, ет те қымбаттады. Дегенмен, индустрия министрлігі утилизациялық алымдар, керісінше ішкі нарықты қажетті техникамен қамтуға жол береді деп отыр.

Бейбіт Атамқұлов – ҚР ИИДМ «Бұл даулы мәселе. Біз бұған жан-жақты келуіміз керек. Оның артықшылығы мен кемшлігін таразыға салу қажет. Бүгінгі күні үкімет қабылдаған шешім бойныша, утилизациялық алым Қазақстанның ауыл шаруашылық техникасының өндірісіне дем беріп отыр. Ауыл шауашылық техникасының өндірісін дамыта отырып, жаңа өндіріс, жұмыс орындарын құрамыз. Неміс компаниясымен келісімге келдік.Утилизациялық алымнан түскен қаржы өндіріске жұмсалады»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.