Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Шаңыраққа" шаттық сыйлады

c 15:18, 30/05/2019 c 1152

0:00 / 0:00

"Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде 1-ші маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. мультфильм кейіпкерлері, аниматорлар мен жергілікті депуттар бүлдіршіндерді мерекемен құттықтау үшін арнайы келген.

Жастайынан жетім қалып, тағдырдың түрлі сынына тап болған жандарға арналған "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде 115 адам бар. Бүгінде жетімдер үйінде тәрбиеленген жандар отау құрып, балаларынорталықтың қабырғасында тәрбиелеп отыр. Жасөспірімдер үйінде балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлау үшін көптеп мәдени шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі 1-ші маусым балаларды қорғау мерекесіне орай өтті.

Тағдырдың тауқіметін тартқан жандарға орталықтың бөлмелері тегін беріледі. Сондай-ақ, олар коммуналды төлемдерді төлемейді. Алайда, жасөспірімдер үйінің әрбір тұрғыны екі қолға бір күрек тауып, еңбекке араласқан.

Жасөспірімдер үйінің тұрғындары мерекелік шараны ұйымдастырған жандарға алғыстарын білдірді.

Балаларға риясыз күлкі сыйлау үшін ұйымдастырылған мерекелік шара соңында мәртебелі меймандары бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыстады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.