Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шақыру таблосы жұмысын бастады

c 17:37, 11/06/2019 c 746

0:00 / 0:00

Жол қауіпсіздігін мен апаттарды болдырмау мақсатында С.Датов көшесі бойындағы "Алтындар" гипермаркеті аумағында жаяу жүргінші шақыру таблосы орнатылды. Енді бұл аумақтағы тұрғындар осы бағдаршамға орнатылған құрылғыны өздері қосу арқылы жолдың қарсы бетіне өтеді. Осыған дейін қала бойынша 4 бағдаршам нысандарында жаяу жүргінші шақыру таблосы іске қосылған.  Шақыру таблоларының тиімділігі сол, тұрғындар жолдан өтер кезде құрылғыдағы жанғыш арнайы белгіні жүргінші де көлік тізгіншісі де көреді. Негізінен шақыру таблосы алдыңғы кезекте  тұрғындар көп жүретін аумақтарға қойылуда. Естеріңізде болса дәл осы жерде өткен жылы қыста таң сәрісімен дәріханаға жүгірген 3 баланың анасын көлік астына түсіп өмірімен қоштасқан болатын. Жаяу жүргінші шақыру таблосы болашақта тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көбейтілмек.   Бұл орыннан бөлек Жазира дүкені, №8 ЖОББМ, Жәңгір хан көшесі  бойындағы №20 ЖОББМ аумағында орнатылған.  Орал қалысында 100 мыңнан аса  көлік тіркелгенін есептесек, аталмыш шақыру таблосы әлі де бірнеше орынға керек екені  даусыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.