Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шағын көліктер салықтан босатылады

c 18:46, 22/10/2019 c 756

0:00 / 0:00

Елімізде шағын литражды көліктер салықтан босатылуы мүмкін. Бұл жайында бүгін өткен Үкімет отырысынан соң, дәлізде журналистерге сұхбат берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Министр Ұлттық экономика минситрілгіне осы ұсынысты енгізгенін хабарлап отыр.

Үнемді, шағын литражды көлік иелері салықтан босатылуы мүмкін немесе салық көлемі төмендетіледі.  Энергетика министрлігі шағын литражды көлік жүргізушілерін көлік салығынан босату туралы ұсынысты экономика министрілігне енгізген.  Ұсыныс қолдау тапса, қозғалтқыш көлемі үшке дейінгі көлік үшін салық төлемейсіз. Ал одан жоғары көлемдегі автокөліктердің иелері ауқымды салығын төлей береді. Айта кету керек,  көлік салығынан босату  бензин акцизін көтеру есебінен жүзеге асады. Себебі, бұған едйін экономика министрлігі бензин акцизін өсіруде ұсынған болатын.

Сондай-ақ, бас энергетик  Қазақстанда бензин қымбаттайды деген болжамды жоққа шығарды.  Министрдің айтуынша, 2024  жылдан бастап Еуразиялық Экономикалық Одақақ мүше елдермен  бір нарықта боламыз, арада ешқандай шектеу болмайды. Бәсекелі нарық болғандықтан, баға тең болуы - дейді министр. Елдегі бензин бағасын көрші Ресеймен салыстырсақ 100 теңгеге, ал дизель отыны 60 теңгеге арзан. Бір жақсының бір жаманы бар демекші, көлік қолданушылар салық төмендеп немесе босатылатын болса, бұл бензин бағасының қымбаттауына әкеп соғады деп отыр. Әзірге энергетика министрлігінің салыққа қатысты ұсынысына экономика министрлігі жауап бере қойған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.