Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕГІЗІНШІ «АЛТЫН АДАМ» ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ ҚОЙЫЛДЫ

c 20:43, 18/12/2021 c 1398

0:00 / 0:00

Қазақстандық археологтармен Ақтөбе облысындағы Тасқопа қорымынан табылған «Алтын Адамның» ғылыми-реконструкциясының көшірмесі елордадағы ұлттық музейге табыс етілді. Археологтар құнды жәдігерді осыдан екі жыл бұрын тауып, ғалымдар оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан болатын. Сегізінші «Алтын Адам» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бас қалаға жасалған ерекше тарту болды.
1970 жылдардың басында Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" сенсация болған дейді ғалымдар. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапқанды. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Ал Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда тағы жеті «Алтын Адам» табылды. Еліміздің шығысынан, батысынан, орталығынан да мұндай құнды жәдігерлер табылып жатыр. Ғалымдардың тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінгі ұрпақ, тарихтан хабардар болуда. Екі жыл бұрын архолеогтар Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа қорымынан сегізінші «Алтын Адам» тапқанды. Құнды жәдігерді мамандар 2 жыл бойы зерттеп, қайта қалпына келтіріп, ел астанасына алып келді.Сармат көсемін қалпына келтіру үшін мамандар үзіліссіз жұмыс істеді дейді суретші –қалпына келтіруші Болат Атыраубаев. Көсемнің бейнесін, мінезін дәл жеткізуге тырысқан. Тақта отырған бейнесін жасап шығарған.

Осылайша Сармат дәуіріне жататын «Алтын Адамның» ғылыми –реконструкциясының көшірмесі Ұлттық Музейдің төрінен орын алды. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығына елордаға жасалған тарту.

Мәлім болғандай сегізінші «Алтын Адамның» сұлбасын қайта жаңғыртып, жасап шығару үшін отандық археолог, реставратормен бірге көрші ресейлік мамандар да тартылған. Ғалымдар ең алдымен оның түпнұсқасын зерттеген. Сондай-ақ, қасынан табылған заттар да зерттеуден өткен. Ғалымдар Тасқопа қорымынан табылған көсемнің жасы шамамен 50-де деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.