Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сауда қызды

c 12:47, 19/05/2020 c 435

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесе қаладағы ірі базарды тексеріп, бұрынғы режим бойынша жұмыс істеуге рұқсат берді. Сондай-ақ, бүгіннен бастап қонаүйлер мен дәмхана, мейрмаханалар да ашылды. Қоғамдық тамақтану орындарында 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат бар. Ең басты талап- санитарлық норма сақталуы тиіс. Елордада сауда орындарының жұмысы жанданды. Алайда, қаладағы сауда үйлерінің бәріне бірдей рұқсат берілген жоқ. Сауда, ойын-сауық орталықтары әзірге карантин талабы бойынша жабық тұр. Ал ірі сауда үйлерінде сауда қызыды.  Бұл жағдай кәсіпкерлер тарапынан түсініспеушілік тудырып отыр.

Елордадағы ірі сауда үйлерінде жұмыс жанданды. Жұмысқа шығып, тауарларын реттеп, санитарлық нормаға сай тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан саудагерлердің қуанышында шек жоқ. Екі ай бойы табысынан айырылып, карантинде отырған кәсіпкерлер клиенттерін асыға күтуде.

Өздеріңізге мәлім, елде қауіпті дерттің таралуы әлі де саябырсыған жоқ. Санитарлық дәрігерлер вирусты жұқтыру деңгейі 7 пайыздан аспаған жағдайда карантин талабын жеңілдетіп отыр. Саудагерлер қауіпті індетті жұқтырып алмау үшін барлық санитарлық норманы сақтап жатырмыз дейді. Бетпердесіз келген клиентті қабылдамайды.

Алайда, елордалық сәудагерлердің бәріне  бірдей рұқсат берілмей отыр. Әкімдік тек сауда орындарына жұмыс істеуге мүмкін берді. Ал сауда, ойын-сауық орталықтарынан шектеу алынған жоқ.Бұл жағдай кәсіпкерлер тарапынан түсініспеушілік тудыруда. Әрине ойын –сауық орталықтарына адам көп жиналады. Алайда, кәсіпкерлер кинотетарлар мен ойын сауыққа тиым салып, киім-кешек, өзге де тұрмыстық тауарларды сатуға рұқсат беруге болады ғой деп даурығуда. Ал жұмысын бастаған сауда үйлерінің әкімшілігі болса, әкімдіктен қағаз жүзінде рұқсат жоқ, тек ауызша ғана айтылды. Қалай жұмыс істеуіміз керек жайында дұрыс алгоритм жоқ деп отыр.

Дулат Молдахметов – бизнес орталығының басқарушы  директоры; «Қожайындары әкімдіктің аузыша рұқсаты бар деп ашып жатыр. Алайда, бізде қағаз жүзінде рұқсат жоқ. Оыс жағдай түсініксіз болып отыр. Әкімдік батылдық танытып, нақты алгоритмді ұсынғаны дұрыс еді. Жаупакершілікті бір-біріне итере салып отыр. Нақты кімдер, қалай жұмыс істеуі керек екенні толық білмей отырмыз. Бәрі ауызша айтылған »

Өкінішке орай, карантин талабының жеңілдеуін көпшілік дұрыс түсінбеуде. Сақтық шаралары біржақта қалды. Көше толған адам. Қоғамдық көліктерде бетпердесіз, антисептиксіз жүргендер көп. Ғимарат ішінде бетперде кию міндетін бәрі бірдей ұстанбайды. Бизнес субьектілері де санитарлық норманы белден басып жатыр. Әкімдік, полиция қызметкерлері,  санитарлық дәрігерлер мен еріктілерден құралған мобильді топ осы кемшіліктерді анықтауда.

Егер санитарлық норма сақталмай, жағдай осылай жалғаса берсе карантиннің қатаңдатылған ережесін қайта енгізуіміз мүмкін деді Бекмұрзаев мырза.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.