Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сары түсті нөмірге ие болды

c 17:17, 05/02/2020 c 472

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО –да алғаш рет шетелдік нөмірлі көлік иесі тұлпарын уақытша тіркеуге қойды. Мамандандырылған ХҚКО-да аталған бағыттағы жұмыстар ел президентінің тапсырмасы аясында 1 ақпаннан бастап қолға алынған болатын. Әнуарбек Шаймарданов көршілес ресейлік нөмірлі көлікті өткен жылы тізгіндепті. Елімізде қолға алынып жатқан жаңа ережеге сәйкес енді ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін ел аумағында еркін жүруіне рұқсат алды. Яғни сары түсті қазақстандық мемлекеттік нөмір берілді.ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес ҚР ІІМ еліміздің территориясына 1 ақпанға дейін кірген көліктерді тіркеудің жол картасын жасады. БҚО Полиция департаменті, БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті, БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарынан жасақталған жедел топ азаматтарды қабылдауда. Қабылдауда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінен кірген автокөліктерді тіркеу шарттары мен ережелері түсіндірілуде. Ал Әнуарбектің көлігін заңды түрде тіркеуге қоюға мүмкіндігі бар.Әнуарбек Шаймарданов көрсетілген қызмет үшін 12 мыңға жуық қаржы жұмсаған. Ал уақытша мемлекеттік нөмірге 20 минутта қол жеткізген.Мысалы, мұндай көліктерді әкелу мен пайдалану тек кедендік рәсімдеу мен баж салығын төлеген жағдайда ғана мүмкін болмақ. Ол үшін көлік техникалық тәртіпке сәйкес болуы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.