Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САМАТ ӘБІШ ҚАЙДА? МӘСІМОВ НЕГЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАМАДЫ?

c 10:13, 16/05/2023 c 104

0:00 / 0:00

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қайда? Ол неге қаңтар оқиғасы бойынша жауапқа тартылмады? 18 жылға сотталып кеткен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қандай шешімді қабылдамады? Журналистер Мәжіліске келген Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қолқобаевты сұрақтың астына алды. Қолқабаевтың айтуынша, қазір ҰҚК-нің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, кейбір істер бойынша тергеу аяқталды.

Елді есеңгіреткен қаралы қаңтар оқиғасында басты фигурант ҰҰК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов болып тұр. Ол мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 18 жылға сотталғаны мәлім. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде сол кезде елдің ұлттық қауіпсіздігіне жауап берген Мәсімов мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғаны айтылды. ҰҚК төорағасының орынбасары Марат Қолқобаевтың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде экс- төраға Кәрім Мәсімов қажетті шешім қабылдамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Ал Прокуратура ҰҚК қызметкерлері Кәрім Мәсімовтің нұсқауымен қызметтік ғимараттарды тастап кеткенін мәлімдеген еді.

Мәсімовтің ісі "өте құпия" түрде тергелгендіктен, халық істің мән-жайын ешқашан біле алмайды дейді ол. Сондай-ақ Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым, кейін кассациялық шағым түсіруге құқылы екенін айтты. Осы уақытқа дейін ҰҚК экс басшысы тергеу изоляторында отырады. Алайда Қолқобаев Мәсімов үкімге шағымдану құқығын пайдаланды ма деген сұраққа жауап бере алмады. Өздеріңізге мәлім, Кәрім Мәсімовпен бірге оның үш бірдей орынбасары-Ерғожин, Садықұлов және Өсіповтер де сотталып кетті. Алайда, бірінші орынбасары болған Самат Әбіш аман қалды. Тілшілер Самат Әбіштің қайда жүргенін сұрадық.

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін экс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Ал өткен жылдың 22 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов журналистерге Самат Әбіштің тергеуде екенін айтқанды. Бірақ күдікті немесе куәгер екенін ашып айтпады. Ал Мәсімовтің сотында Әбіш жайында бір ауыз сөз естімедік. Мүмкін іс құпия болғандықтан халыққа бұл ақпарат беймәлім шығар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.