Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

c 19:00, 06/03/2020 c 966

0:00 / 0:00

Қазақстанда қауіпті коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді. Осының аясында Пауладар  қаласының вокзалында коронавирустан қорғану жолын көрсеткен оқу-жаттығу өтті. Алайда, Пауладарлықтарды бұл жағдай қатты шошытты. Мұндай тренингтер еліміздің барлық теміржол жүйесінде өтіп жатыр. Қазақстан темір жолы жолаушылардың және қызметкерлерінің эпидемиологиялық жағдайын қатаң бақылауда ұстап отыр дейді компания басшысы Сауат Мыңбаев.

«Коронавирус жұқтырған адам» деген атаумен өткен оқу-жаттығу барысын  Пауладар тұрғындары дұрыс түсінбей, үрейленіп қалған. WhatsApp желісінде бірден вокзалда  коронавирус жұқтырған ер адам жүр деген  ақпарат тарап кетті. Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан тренинг барысында  "Алматы - Павлодар" қатынасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен ер адамды әкелді. Адамдарға сақтану жолдары айтылып жатты. Мұны кей адамдар шынайы қабылдап жатты.  ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев мұндай тернингтер еліімздің барлық вокзалында өткізіледі дейді.

Сауат Мыңбаев - «қазақстан темір жолы ұк» ақ басқарма төрағасы; «Жолаушылар тасымалын тоқтаттық. Жүк тасымалы ғана жүріп жатыр. Онда әрине бригадалар бар. Шекарадан өту кезінде оларды санитарлық тексеру жұмыстары қатаң жүргізілуде».

Әлемді дүрбелеңге салып жатқан қауіпті індет салдарынан еліміздің Қазақстан темір жолы компаниясы қыруар табыстан қағылып жатыр.

Сауат Мыңбаев - «қазақстан темір жолы ұк» ақ басқарма төрағасы; «Өткен жылмен салыстырғанда ақпанда контейнерлік транзит көлемі 39 пайызға төмендеді. Бұл қомақты қаражат. Өкінішке орай, коронавирус ҚТЖ қаржылық жағдайына кері әсер ететіні сөзсіз. Себебі контейнерлік транзит ең көп пайда әкеледі».

Ел үкіметі қауіпті вирус шыққан Қытаймен жолаушылар тасымалын толық тоқтатқан. Бұл шектеу қашанға дейін созылатыны әзірге беймәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.