Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Рухани жаңғыру" атты музей ашылады

c 18:03, 03/10/2017 c 1820

0:00 / 0:00

Ұлттық мүддеміз бен болмысымызды айқындайтын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Батыс өңірінде қандай деңгейде жүзеге асырылуда? Елбасымыздың стратегиялық мақаласында айтылған кіші бағдарламалар мен айшықты тапсырмалар аясында нендей жобалар жоспарланған? Осы және өзге де сұрақтар бүгін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кеңінен талқыға түсті. Алқалы жиын барысында Орал шаһары орталығынан өлке тарихы мен мәдениетінен сыр шертер «Рухани жаңғыру» музейі ашылатыны мәлім болды.Бұл бағдарламаны іске асыру үшін еліміздің әр өңірінде жобалық кеңсе құрылған-ды. Бағдарлама шеңберінде Батыс өңірінде 5 жылға арналған 20 жоба мен 100ге тарта кіші жоба жоспарланған. Аймақтағы екі тарихи нысан республикалық картаға енді. Облыс әкімінің тізгіндеуімен өткен салиқалы басқосу барысында атқарылар істер мен жоспарға алынған жобалар сөз болды. Ал жиын соңы евразиялық интеграция институты мен БҚМУ арасындағы екіжақты келісімшартқа қол қоюмен қорытындыланды

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.