Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Рухани жаңғыру

c 11:40, 14/08/2020 c 798

0:00 / 0:00

Осыдан үш жыл бұрын қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан не ұттық? Қазақстандықтардың рухани жаңғыруына бұл бағдарламаның пайдасы тиді ме? Бүгін осы сұрақтарға жауап берген ақпарат вице-министрі Болат Тлепов, бағдарлама жаңа бағытта жұмыс істейтінін айтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғалы оған қазынадан 54 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама 2022 жылға дейін өз өміршеңдігін көрсете бермек. Алайда, қоғамда осы бағдарламаның қажеттігі қанша? Қазақстан халқы үшін рухани жаңғыруға пайдасы тиіп жатыр ма деген сұрақ көп. 3 жыл бұрын идеологиялық тұрғыда қабылданған бағдарлама халқымыздың мәдени мирасын қайта жаңғыртты, - деп сендіреді вице-министр. Дегенмен, бағдарламаның еш қажеті жоқ тұстарын алып тастауға тура келіп отыр. Болат Тлепов науқаншылық сипатта шаралар өткенін мойындап отыр.

Елдегі пандемия барысы адамдардың тәнін ғана емес, жанын емдеу керектігін көрсетті. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы енді өз бағытын өзгертпек.  Ал қарапайым халыққа бұл бағдарламадан не пайда?» деген сұрақ қойылған еді. Тлепов оның пайдасын қолмен өлшей алмаймыз. Өйткені,  руханияттың өзінің – өлшемі жоқ дүние деген жауаппен құтылды. Дегенмен қазіргі дағдарыс барысында бюджттен млрдттар бөліп, жаңғыруды ойлап жүргенімізде, табысынан айырылып, жұмыссыз қалған халық қаңғырып кетпей ме?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.