Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Республика чемпионатынан олжалы оралды

c 16:56, 19/03/2018 c 725

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандық оқушылар Риддерде өткен республика чемпионатынан олжалы оралды. Жерлестеріміз шаңғымен спорттық бағдарлау додасында үздіктер қатарынан көрініп, алты алтын, 4 күміс пен 7 қола медальмен оралды. Бапкерлер бұрын-соңды бұндай нәтиженің болмағанын айтып қуантты. Риддердегі Республикалық чемпионатқа облысымыздан 12 жас спортшы қатысып, қанжығалары майланып қайтқан. Спорттық додаға еліміздің сегіз облысынан 130-дан астам спортшы қатысқан. Жерлестеріміздің қатарында туризм сайыстарында үздіктер сапын толтырып жүрген аудан-ауылдардың да балалары бар. Елімізде соңғы жылдары ғана дами бастаған бұл олимпиадалық спорт түрінен батысқазақстандықтар алдына жан салмайды. Талапты жастарды спортқа баулуда облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мамандарының үлесі зор. Мұнда қазір 52 үйірме ашылған, оған 500ден астам оқушы қатысады. Тау туризмі техникасы бойынша шыңдалған жастардың да шеберлігі басым. Осы сынды үйірмелер 12 ауданның барлығында да ашылыпты. Тау туризмі техникасы бойынша шыңдалған жастар Астана қаласында өтетін біріншілікке дайындық үстінде. Жас спортшылардың жүлделі оралып, толағай табысқа жетуіне біз де тілектеспіз!

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.