Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙЛІКТЕР ҚАЗАҚСТАНҒА АҒЫЛЫП КЕЛІП ЖАТЫР

c 18:32, 13/04/2022 c 376

0:00 / 0:00

Соңғы бір жарым айдың ішінде Қазақстанға 130 мың Ресей азаматы кірді. Ал Украинадан 3481 адам келген.Осы жылдың бірінші тоқсанында 1055 Ресей азаматы Қазақстанға уақытша тұруға өтініш білдірді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі-үш есеге көп дейді ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев. Бүгін парламент Мәжілісінде «Халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша» заң жобасы қаралған еді. Депутаттарды Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан, біздің елге ағылып келіп жатқан азаматтар мәселесі алаңдатты.

Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс, геосасяи жағдайдың ушығуы, Ресейге салынып жатқан санкциялардың салдары аталған елдерден халықтың кетуіне себеп болып жатыр. Бұл жағдайда Қазақстан өте ыңғайлы ел болып отыр. Себебі, ресейліктер үшін жеке салық нөмірі және төлқұжаты мен уақытша тұруға рұқсат алса болғаны. Біздің елде емін-еркін жүре алады. Мәжіліс депутаттары Украинадағы жағдайға байланысты ақпан-наурыз айларында Ресей мен Украинадан қанша азамат Қазақстанға келгенін, қанша адам азаматтық пен ықтиярхат алуға өтініш бергенін сұрады.Ресейден Қазақстанға ағылып келіп жатқандар саны соңғы бір жарым айда 130 мың адамды құрады. Ал Украинадан 3481 адам келген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері елімізге 457 мың шетелдік келген. Көбі көрші елдерден келгендер. Басым бөлігі өзбектер болса, екінші орында – Ресей азаматтары тұр. Қазақстанда уақытша тұруға сұранып отырған шетелдіктер саны артқан.

Сарапшылардың пікірінше, көрші Ресейден келушілер саны мұнымен тыйылмайды. 2 миллион адам келуі де мүмкін. Тоқтаусыз келіп жатқан ресейліктер біздің елде тұрақтап қалуы да ықтимал. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Ресей азаматтары Қазақстанда ешбір рұқсатсыз жұмысқа тұра алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.