Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ресейлік нөмірлі автокөліктерге тексеріс күшейтілмек

c 11:10, 04/04/2018 c 1022

0:00 / 0:00

Ресейлік нөмірлі автокөліктерге тексеріс күшейтілмек. БҚО-да жол ережесін бұзған ресейлік нөмірлі 50 авто көлік айып тұрағына қойылған. 3 айдың ішінде осындай 91 темір тұлпардың қатысымен жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Тіркеуге алынбағандықтан салықтан да жалтарып, жазаға да тартылмай тайраңдағандарға билік тексерісті қатаңдатқалы отыр. Бұл жөнінде БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі мәлімдеді.

Ресейлік нөмірлі 600 көлік тексеріліп, 50-і айып тұрағына қойылған. Соңғы уақытта көрші елден арзанға сатып алынатын мұндай көліктер саны артып отыр. Олардың арасында Ресейден тіркеуден шығып кетіп, тек мемлекеттік нөмірді пайдаланып жүргендері бар.

Тəртіп сақшылары олар бізде тіркелмегендіктен жауапқа тарта алмай, шарасыз отырмыз дейді. Осыған орай салықтан да жалтарып, ереже бұзғаны үшін жазаға да тартылмай тайраңдағандарға тексерістер қатаңдатылмақ.

Кейбір автокөліктер жол оқиғасына тап болса, ізін жасыратын көрінеді. Елде тіркеуге алынбағандықтан оларды табу қиын. Ереже бұзып, көлік айып тұрағына тоғытылса, жол сақшылары Ресейлік әріптестеріне сұраныс жолдайды. Айта кетейік, аймақта 3 айда Ресейлік нөмірлі 91 автокөліктің қатысымен жол-көлік оқиғасы тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.