Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Плагиат

c 09:29, 05/02/2021 c 498

0:00 / 0:00

Қазақстанда докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алуға болады. Осылайша плагиаттық жолмен жалған ғалым атануда. Сенатор Сәуле Айтпаева ғылымды дамытуға  арналған заң жобасын талқылауда, интернетте диссертацияны ақылы жазуға қатысты өз наразылығын білдірді.Еске сала кетейік, өткен жылдары білім министрінің бұрынғы орынбасары Фатима Жақыпова диссертациясы палгиаттық жолмен жазылғаны үшін айыпталғанған болатын. Тіпті мұны сенаторлар әшкерлеп, шенеуніктің қызметінен кетуіне себеп болғанды.Алайда ақша үшін ғылыми жобаларды жазып беретіндердің бизнесі әлі де жүріп тұр

Не керек, ғылыми жоба жазып, бас қатырмай-ақ, Google-дан докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алуға болады. Ғылыми жұмысты сату 2000 жылдардың орта кезінде кеңінен тарағанды. Диссертация қорғау деген түкке тұрмайтын іс болып қалды Тіпті туған күнге ғылыми жұмыстарды сыйға тарту жағдайлары да орын алды. Өткен жылдары  білім министрінің бұрынғы орынбасары Фатима Жақыпова диссертациясы палгиаттық жолмен жазылғаны үшін айыпталғаны есімізде. Тіпті мұны сенаторлар әшкерлеп, шенеуніктің қызметінен кетуіне себеп болғанды.Алайда ақша үшін ғылыми еңбектерді жазып беретіндердің бизнесі әлі де жүріп тұр. Интернет бетін жаулаған ұсыныстан көзің талады. Осылайша доценттер ақшаға ғылыми жобаларды сатып жатыр.

Сәуле Айтпаева – ҚР парламент сенатының депутаты -«Google-дан докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алуға болады. 46 секунд ішінде осыған қатысты іздеген  303 мың мәлімет шыға келеді.Бұл Қазақстанның өзінде. Мысалы, қазақстандық сайттардың бірі тікелей «көп уақытты үнемдеңіз» және «қажет нәрсеңізді алыңыз» деп ұсынады.Уақыты, бағасы көрсетіліп тұрады. «Ғылым кандидаты, докторы жазады, ВАК журналына ғылыми мақала жариялауға көмектесеміз, келісімшарт жасаймыз» деп көрсетіледі». 

Білім вице-министрі Шолпан Каринова мұндай  жағдайдың орын алып отырғанын жоұаұ шығара алмады.

Шолпан Каринова – ҚР білім және ғылым вице-министрі «Біз бұл жағдайлардың жолын кесу үшін Бас прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Былтырғы жылы мемлекеттік мекемелерде плагиатқа қарсы бірыңғай жүйе құрылды. Мәліметтерді қарап отырсақ, жыл сайын докторантурға бөлінетін гранттар саны 2 мыңды құрайды. Одан бөлек өз қаражатымен түсетін адамдардың саны 200-ден асады. Шамамен осының ішінде 200-ге тарта ғылыми еңбек бағаланып, оларды жазған адамдарға ғылыми атақтар беріледі»

Вице-министрдің сөзінен түсінгеніміз, жүздеген адамға ғылыми еңбегі үшін беріліп жатқан атақтың жалған болғаны ма? Бір сөзбен айтқанда плагиаттан көз ашпай отырған ғылымның жағдайы мәз емес сияқты. Ғылыми еңбегі үшін жалақысы өседі, диссертациясы  бар шенеуніктер қайта аттестациялаудан жеңіл өтіп жатады. Ал оны сатып алғандар болса өз саласын жемқорлықпен былғап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.