Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Озат офицерлер марапатталды

c 17:05, 03/04/2018 c 706

0:00 / 0:00

Әскери қызметте үздік деп танылған офицерлер марапатталды. Марапатталған жандар әскери қызмет барысында Отан алдындағы борыштарын естен шығармай, қызметтерін үлгілі атқарып келген. Салтанатты шара 5517 әскери бөлімінде ұйымдастырылған болатын.

Отан алдындағы борышын көп жылдан бері үздік атқарып келген, кейінгі жас сарбаздарға қызметі үлгі боларлықтай офицерлер марапатталды. Бейбіт күннің батырлары ел басына күн туған шақта өмірін өлімге тігіп, елдің мүддесін бәрінен жоғары қоя біліп, қылмыскерді құрықтауға көмектесіп, мыңдаған жас сарбаздарды тәрбиелеуге ат салысқан жандар.

Марапатталған жандардың арасында 2010 жылы Ақтау қаласында түрмеден қашқан қылмыскерлерді ізін-суытпай іздестіру шараларына қатысқан Руслан Жакупеков та бар. Әскери қызметкер қанды оқиға орын алатын күні жазасын өтеу мекемесінде кезекшілікте болыпты. Кейін, ол түрмеден қашпақшы болған азаматтарды қолға түсірген.

Руслан Жакупеков
Үздік деп танылған офицер
2010 жылы Ақтау қаласында маусымның 21-22сіне қараған түні мен кезекшілікте болған едім. Оқиға орын алғаннан соң, бір сағаттың көлемінде қылмыскерлерді қолға түсірдік. Кейін, жұмыс барысымен Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне ауыстырылдым. Ақтауда болған оқиғаның қалай өрбігендігі туралы жақында шыққан "Алтыншы бекет" кинотуындысында жақсы суреттелген. Бұл фильм өзіме ұнады.

Салтанатты шара әскери қызметкерлер ұйымдастырылған концертке ұласты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.