Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отандық өнімді қолдайық!

c 12:02, 17/02/2015 c 889

0:00 / 0:00

Дәл осындай ұранмен республикамызда акция өз бастауын алды. Нақтырақ айтқанда еліміздегі өндірілетін азық-түлік өнімдерін халық арасында кеңінен насихаттап, олардың өркендеуіне тұтынушалардың үлесін қосу.Соған орай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мұрындық болуымен шаһарымыздағы сауда орындарын арнайы комиссия мүшелері аралап, ондағы отандық өнімнің саудаға түсу барысын тексеріп көрді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқын тек Отандық өнімдерді тұтынуға шақырған еді. Соған байланысты республикамыз бойынша кең көлемде шаралар оздырылуда. Біздің шаһарымыздағы супермаркет басшылары аталмыш акцияны бірден қолдап, қазірдің өзінде сауда орындарында арнайы "Қазақстанда жасалды" деген жазумен өзіміздің өнімдеріміз белгіленген. Соның арқасында кезкелген тұтынушы отандық тауарларымызды оңай табуға мүмкіндік алды. Қаламыздағы дүкендер мен сауда орындарында пайыздық мөлшермен санағанда барлық тауарлар ішінде Қазақстанда жасалғаны 70 пайызды құрауда. Алайда олар әлі күнге дейін импорттық тауарларға бәсекелестік ете алмауда. Себебі олардың бағасы біздің өніммен салыстырғанда әлде қайда арзан болып келеді.
Ал қала тұрғындары болса көбіне тауардың қайдан шыққанына емес,оның бағасына басты назар аударатынын білдік. Бұқара халықпен сұхбаттасқанымызда бірі Отандық азық-түлік тұтынса, бірі шет елдің тауарларына бет бұратыны анықталды.
Қала тұрығнадарының құлағына алтын сырға, алдағы сенбі күні Ел ырысы базарында арнайы қала тұрғындары үшін жәрмеңке өтпек. Онда тұтынушалар облысымызда өндірілген тауарларды төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.