Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігін қаншалықты білеміз?

c 17:02, 18/05/2018 c 1119

0:00 / 0:00

Орал қаласының маңындағы ірі өндірістік нысанда өрт шықты. Қала халқының 27 пайызын электр желісімен қамтып отырған мекеме бүгінде табиғи газды жарыққа айналдырар қауқары бар. Ал нысандағы төтенше жағдай қалай ауыздықталды? Төтеншеліктер қанша бірлік техника пайдаланды. Арна тілшісі оқиға орнынан хабарлайды.

Бұл - қала халқының 30 пайызға жуығын электр желісімен қамтып отырған өндірістік мекеме. Өрт сөндірушілерге төтенше жағдай туралы ақпар түскен бойда жедел жеткен олар қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Байбаламға бармаған нысан қызметкерлері де ғимараттан дереу тысқа шығып, қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Абырой болғанда, бұл шара тек оқу-жаттығу болатын. Нысан қызметкерлері алдымен теориялық білімдерін шыңдап, төтенше жағдайлар департаменті мамандарының өз аузынан қауіпсіздік ережелерін білуге мүмкіндік алды. Кейін бұл білімдерін іс жүзінде бекітіп, қызыл жалынды ауыздықтауға өздері де үлестерін қосты.

Айта кетелік, тек биылғы жылдың өзінде облысымызда 200ден астам өрт оқиғалары тіркеліп, бұдан келген шығын көлемі 5 млн теңгеге жеткен. Тілсіз жау салдарынынан тіпті 1 адам қаза тауып, 7еуі жарақаттанды. Қайғылы жағдайлардың алдын алмаққа бүгінде төтеншеліктер 10 астам осындай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастырып, бұқараның өрт қауіпсіздігіне қатысты сауаттылығын арттырмақ ниетте.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.