Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық теннистің болашағы алда

c 16:48, 18/07/2018 c 1092

0:00 / 0:00

Оралда 2014 жылы ашылған теннис орталығы бүгінде толыққанды қызмет жасауда. Бүгінгі таңда оралдық 140-тан астам бүлдіршін аталмыш спорт түрін меңгеріп, жаттығып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Бапкерлер баланы тенниске алты жеті жастан бастап берген дұрыс,-дейді. Аталмыш спорт түрі баланың жан-жақты дамуына көмектесіп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ат салыспақ.

Жазғы уақытта, аптап ыстыққа қарамастан жаттығып жүрген өрендердің қарасы қалың. Олар аптасына бес рет жаттығып, шеберліктерін шыңдауда. Олардың қатарында Аңсар Қайыржанов та бар. Жас спортшы бес жылдан бері теннисті жанына серік қылған. Жастайынан бұл спорт түрімен айналысып жүрген спортшы қазірдің өзінде түрлі сайыстарға қатысып, үздіктердің қатарынан табылыпты. Жас өрен әлемнің үздік ракеткасы болуды армандайды.

Қазіргі таңда, оралдық спортшылар тамыз айында ұйымдастырылатын еліміздің басты аламанына дайындалып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.