Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық оқушы "Қайсар" лагерінде әлімжеттік құрбаны болғанын айтып берді

c 13:14, 25/07/2018 c 1907

0:00 / 0:00

Орал қаласында лагерьде демалып жатырған мектеп оқушысына әлімжеттік көрсетілгені распа? Таяқ жедім деп мәлімдеген бала, басында мұны ата - анасынан жасырмақ болған. Бірақ дене қызуы көтеріліп, жүре алмай қалған Мейрамбек Төлегенов ақыры анасына таяқ жегенін айтып берген. Бүгінде баласының денсаулығына алаңдаған ата-ана аурухананы жағалап жүр. Ал тексеріс жүргізген білім бөлімі "Қайсар" лагерьінде мұндай жағдай тіркелмеген дегенді алға тартып отыр.

Оқиға "Қайсар" әскери-патриоттық лагерьінде болған. 15 жастағы Мейрамбек Төлегеновті 28-тамызда әлімжеттік көрсеткен балалар таяққа жыққан. Бұл жағдайды алғашқыда ол үйдегілерден жасырып қалғысы келеді. Мейрамбектің анасы Замира Қожамберлиева мән-жайды ұлының денсаулығы күрт нашарлап кеткенде ғана бір біледі.

"Қайсар" патриоттық лагері 2010-жылы құрылған болатын. Балалар тәрбиесімен мында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері айналысады. Бастапқыда қиын балаларға арналып ашылған лагерь далалық жерде күркелерде ұйымдастырылса, бүгінде Атамекен лагерьінде түрлі топтарда өтеді. Белгісіз себептермен Мейрамбекті ұрып соққан оқушылар арасындағы әлімжеттік тәрбиешілер назарынан тыс қалған.

Балалар ауруханасының дәрігерлері Мейрамбек Төлегеновті тағы да тексерістен өткізетіндерін мәлімдеді. Ал білім бөлімі болса, оқиға лагерь аймағынан тыс болды деп айтып отыр. Білім бөліміне №43 және №19 мектеп ата-аналарынан осындай арыз түскен көрінеді. Тексеріс кезінде мәлімет расталмапты. Бұл жағдайдан соң балаларының денсаулықтарына алаңдаған ата-аналар енді лагерьлерге сенім білдіруге күмәнданатын болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.