Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 685 әйел кеңеске жүгінген

c 18:14, 23/07/2018 c 970

Бұл жөнінде ішкі істер басқармасы мәлімдеді. Жарты жылдың ішінде кәмелет жасына толмаған 4 қыз баланың жүктілігі анықталыпты. Тәртіп сақшылары зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін әйелдерге арналған дағдарыс орталығымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, мұндай санаттағы нәзік жандылар тағдырын бақылауға алғандарын мәлімдеді. Әйелдер құқығын қорғау үшін қаламызда "Ааналар үй", дағдарыс орталығы жұмыс жасайды. Осы орындарда азаматшалардың заңды құқығы қорғалып, медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Жақында Деркөл кентінде тағы бір осындай орталық ашылғалы отырған көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.