Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы

c 17:40, 29/05/2018 c 1029

0:00 / 0:00

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өткен шараға өңірдің белсенді жастары қатысып, өздеріне артылған үмітті ақтау үшін нақты бағдарламаларды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді.

Қазақстан халқы ассамблеясының жаңғыру жолы республикалық жастар қозғалысы әр түрлі ұлт өкілдерінен, әр түрлі кәсіп иелерінен құрылған. Штаб қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық береке-бірлікті нығайтуды мақсат тұтады.

Белсенді жастардан құралған "Жаңғыру жолы" қозғалысының штабы - бұл жастар этно-мәдени бірлестігі, партиясы, ресурстық орталықтарының өкілдері. Олардың барлығының мақсаты- аймақтың дамуына тың серпін беріп, өз үлестерін қосуға, тың идеяларымен ел болашағын нығайтуға ықпал етуге бағытталуы тиіс.

Ұзақ мерзімді жоспарларды орындау үшін біз бұл өзгерістерді пайдамызға жарата білуіміз керек. Міне, неліктен біз саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік жаңғыруды бастадық деген елбасының жастарға арнаған сөзі елім деген ұланның жүрегінде болуы қажет.

2017-жылы елдің барлық аймақтарында 8 мыңдай жас қазақстандықтарға арналған шаралар өткізілген. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Өңірдің дамуына жалынды жастардың қосар үлесі орсан. Сондықтан "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы біздің облыста қарқынды жұмыс жасамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.