Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда халықаралық экспедиция басталды

c 17:58, 06/06/2018 c 986

0:00 / 0:00

6-маусым күні "Индер-Орал өңірінің келешек геопаркі" атты халықаралық ғылыми-танымдық экспедиция басталды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы экспедиция Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 55 жылдығына арналған. Саяхат барысында Индер таулары мен Аралсор көлі, Орда қарағайлы ормандарын аралау жоспарланып отыр.

Экспедиция Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғимаратынан сағат 15:00де бастау алады. Саяхат барысында бірнеше ірі табиғи нысан зерттеліп, ақпарат жинақталады. Олар БҚО мен Атырау облыстары аумағында орналасқан. 10 күннен соң шара Хан Ордасы ауылында мәресіне жетеді. Ғалымдар минералды су көздері мен ластану ошағы, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері мен жер бедерлерінің ерекшеліктерін зерттеуге көңіл бөлмек.

Экспедициялар құрамында Ресейлік палеонтолг болды. Олардың бірі-Владимир Ефимов Зеленов ауданының Погодаев ауылы маңындағы қазбаға үлес қосқан. Оның айтуынша, БҚО жерінен динозаврлардың арғы тегі табылған. Ғалым оны Қазақстанозавр деп атапты. Экспедиция кезінде жинақталған материал бойынша мақалалар мен ғылыми монографиялар жазылып, видое және фото альбомдар жасақтау көзделіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.