Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда сынабы бар қалдықтарға арналған контейнер тапшы

c 17:01, 16/07/2018 c 680

0:00 / 0:00

Орал қаласында құрамында сынабы бар тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге жау шапқандай тас талқан болып жатыр. Салдарынан қауіпті қалдықтар сынып, ашық-шашық жатқан қоқыс контейнерлері маңында шашылып, аяққа басылып жатыр. Ал бұл аталмыш қалдықтарды жоюға жұмсалуы тиіс қаражат әлі күнге бөлінбей отырған көрінеді.

Құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлер ашық қызғылт-сары түспен боялған. Конкин мен Есенжанов көшелерінің қиылысындағы осындай алаңдағы контейнер сынып, қауіпті қалдықтар жерге түсіп жатыр. Сынап қоршаған ортаға түскен кезде уытты заттардың бірі болып табылады. Мұндай контейнерлерді орнатудың маңыздылығы-қоршаған ортаға және адам денсаулығына келетін залалдың алдын алу үшін қажет.

Сонымен құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлер санын ұлғайту жоспарда бар екен. Бүгінде облыс бойынша осындай 57 контейнер бар. Қала тұрғындарының кейбірі мұндай контейнерлер санаулы болғандықтан шығар, әлі күнге өз көздерімен көрмепті.

Қала аумағында 318 қоқыс үйіндісі мен 2 полигон бар.Тұрмыстық қалдықтарды үйден шығарарда сұрыптаудағы қиындықтарды бірі бүгінгідей жағдай. Сондықтан атқарушы орган халықпен бірлесе жұмыс жасауға екпін түсірілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.