Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда сұмдық өлімге кінәлі деп танылған күдікті ақталып шықты

c 11:57, 17/01/2018 c 755

https://youtu.be/ywNakdnoVrw

17 жасар жеткіншекке үкім мамандандырылған ауданаралық сотта берілді. Ал күдіктінің істі мойнына алуына тәртіп сақшыларының оны соққыға жығуы түрткі болыпты. Алты ай бойы жүрген тергеу-сараптама жұмыстары қандай дәлелге сүйініп тұр?

Іс материалдарына сүйенсек, өткен жылдың шілдесінде сотталушы Романов қарбыз сатушыдан жұмыс сұрап барыпты. Сатушы да саяжай маңын жинағаны үшін 8 мың теңге төлеуге дайын екендігін айтқан. Жұмысын істеп, ақысын алуға келген Романов қарбыз сатушыны орнынан таппай қалады. Прокуратура өкілдері де, жеткіншекті кек алғысы келді деген пікірге сүйеніп күдіктіге санаған. Сотта куәлік берген екі азаматтың айтқаны да осы Романовты күдікті деп таныпты.
Алайда, Даниилдің анасы ұлының үйде отырғанын айтып шырылдайды. Романов та анасының сөзін растаған. Алайда, тәртіп сақшылары оның досына жазған хабарламасынан Романовқа сенбей, кінәлі деп растауда. Себебі жеткіншек досына адам өлтіргенін айтып әзілдеп, кейін бірден бұның әзіл екенін жазыпты. Ең сорақысы сол, 17 жасар Даниилді тәртіп сақшылары ұрып-соғып, қылмыстық істі мойнына алуға көндірген. Бұл кейінгі сараптама кезінде мәлім болып, сот төрағасы да куәгерлердің куәлігінен айқын дәлел таппаған. Осылайша, 6 айдан астам уақыт бойы жазықсыз темір торға тоғытылған Романов ақталып шықты.
Айта кетелік, шілде айындағы өлім оқиғасы әлі тергелмек. Нағыз қылмыскерді анықтауда сақшылар енді олқылық танытпайды деген үміттеміз.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.