Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Ақылды қала» жобасы әр саланы қамтуда

c 17:36, 06/10/2017 c 875

0:00 / 0:00

Жаһандық даму - әлем бойынша жаппай үрдіске айналған. Ал урбанизация процесі көп мәселені бір шешіммен шешуді қарастырып, көптеген істі оңтайлындыруға арналған. Қала тұрмысын жоспарлау, үнемдеу, ысырап пен шығынды азайту мәселесі - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Осы секілді сұрақтарды барынша оңай шешуге арналған «Ақылды қала» жобасы Қазақстан бойынша Орал шаһарында алғашқылардың бірі болып қолданылуда. «Ақылды қалаларда» жылуға кететін шығын 30 пайыз аз жұмсалса, көшелерді жарықтандыруға кететін электр қуатының шығыны 60 пайыз үнемделеді екен. Бүгінде «қауіпсіз қала» бағыты бойынша Оралда 200 бейнебақылау камерасы және 40 жылдамдық өлшегіш камера қою жоспарда бар. Облыстық Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ғимаратында өткен алқалы жиында осы жұмыстар пысықталып, алға қойылған жоспарлар айқындалды. Ал "смарт білім беру", «смарт денсауық сақтау», «қауіпсіз қала» жобалары бойынша бірқатар жұмыстар іске асуда.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.